Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Қауіпсіздік шараларының толық сипаттамалық нұсқаулары



бет7/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Қауіпсіздік шараларының толық сипаттамалық нұсқаулары


2.1. Зертханада химиялық тәжірибелерді жасау тәртібі



  1. Тәжірибені жасағанда нұсқаулыққа қарап жасау керек.

  2. Зертхана бөлмелеріндегі желдеткіш жұмыс басталар алдында іске қосылады және жұмыс аяқталғаннан кейін істен ажыратылады. Сынақ жұмыстарын тәулік бойына жүргізу кезінде желдеткіш тұрақты жұмыс істеп тұрады. Бұзылған желдеткіш кезінде жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

  3. Сырты жазылмаған ыдыстағы заттармен тәжірибе жасама және затты сыртындағы жазусыз тастауға болмайды.

  4. Тәжірибені жасағанда заттың сыртындағы жазуын оқы. Себебі, зертханадағы әрбір жұмыс орындары мен құрал-жабдықтардың тиісінше таңбалары, жазбалары және қауіпсіздік белгілері болады.

  5. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынына жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрныңа қарай алақанмен желпу керек.

  6. Химиялық стақанды ішіндегі сұйықтықты төгіп алмау үшін екі қолмен ұстау керек.

  7. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып алу керек.

  8. Заттардың қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салуға және құюға болмайды.

  9. Аса қауіпті және қауіптілігі жоғары улы заттармен жүргізілетін жұмыстарды ауа соратыны бар тартпа шкафта жүргізу керек.

  10. Спиртшамды жанып тұрғанда тастап кетуге болмайды, ал өшіргенде қалпақшамен жауып өшіреді.



2.2. Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде
ұстанатын ережелер

Ш ыны түтіктерді кесу, шыныдан даярланған аспаптар мен бөлшектерді жинау және ажыратып бөлшектеу және оларды пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:



  1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.

  2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста, бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.

  3. Сұйықтықты бір-біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрлен ыдысты пайдалану керек.

  4. Шыны ыдыстың кертігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.

  5. Шыны түтіктерді бұрғыланған тығынға қою кезінде соңғысын алақанмен итермеу керек, бүйірлік жағынан ұстау қажет. Түтікті тығынға қойылатын ұшына мүмкіндігінше жақын ұстайды.

  6. Шыны түтікшелерді резеңкелі тығындарға немесе резеңкелі түтікшелерге қою кезінде, шыны түтікшелерге резеңкелі түтікшелерді кигізуде және құралдарды жинау кезінде шыны түтікшенің сырт жағын және резеңкелі түтікшенің ішкі жағының ернеуін сумен, глицеринмен немесе вазелинді маймен ылғалдандыру қажет.

  7. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жапқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.

  8. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұстау керек.

  9. Аздаған шытынаған жері бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды.

  10. Шыны ыдыс пен құралдарды резеңке түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамалдарды пайдалану керек.

  11. Шыны ампулаларға 20 градустан төмен емес қайнау температурасына ие конденсацияланған газ тәрізді заттар құюға жол беріледі. Жарылыс және қыздыру кезінде жайылатын заттарды ампулаға құюға жол берілмейді. Ампуланы оның көлемінен 50%-дан аспайтын көлемге толтыруға жол беріледі.

  12. Барлық жағдайларда қолды шынының сынуынан жарақаттануына жол бермес үшін сүлгімен қорғайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет