Назар аударыңыз! Сынап тұздары улы, сондықтан олармен жұмыс кезінде сақтықты талап етеді.
ІІ-нұсқа. Кальций глюконатының ыдырауы
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Тәжірибе барысы:
Ф араон жыландарын сынап роданидінен алудың классикалық әдісі қауіпсіз емес. Сондықтан да біз сіздерге тәжірибе одан да әсерлі болу үшін ең тиімді және қауіпсіз затты (кальций глюконаты) ұсынамыз. Оны кез-келген дәріханадан алуға болады.
Бірнеше кальций глюканаты таблеткаларын қыздырылған ыдыстың бетіне қойып, қыздырып отырамыз. Кальций глюканаты таблеткаларын қыздырғанда фараон жыландары түзіледі. Реакция нәтижесінде ашық күңгірт түсті кальций оксиді түзіледі.
Натрий нитриті мен тұз қышқылының реакциясы
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
1,5-2 литрлік түссіз бөтелке (пластикалық)
натрий нитраты
концентрлі тұз қышқылы
су
Тәжірибе барысы:
Су құятын түссіз көлемі 1,5-2 литрлік бөтелке немесе көлемі 5-7 литрлік үлкен бөтелке алыңыз. Бөтелкенің түбіне шамамен 10см3 натрий нитратын себіңіз және оған 10-15мл концентрлі тұз қышқылын қосыңыз (егер бөтелке үлкен болса реактивтердің мөлшерін 2-3 есеге көбейтіңіз). Шытырлаған дыбыс естіліп, қоңыр түсті будың бөлінуі белсенді жүреді. Бөтелкенің іші қоңыр газбен тез толып кетеді. Бөтелкенің аузын жабыңыз да, ақырындап шайқаңыз, сосын аузын ашыңыз. Ештеңе болмайды.
Бөтелкеге шамамен 100мл су (бөтелке үлкен болған жағдайда 200мл) құйыңыз және тағы қайталаңыз: бөтелкенің қақпағын тез жауып ішіндегіні қатты шайқаңыз. Қоңыр газ күңгірттенеді және түссізденеді, бөтелкенің қабырғалары бүрісіп жиырылады. Бөтелкедегі азот диоксиді сумен және ауамен әрекеттесіп, нәтижесінде азот қышқылы мен азот монооксиді түзіледі.
3NO2 + H2O = 2HNO3 + NO
4NO2 + 2H2O + O2 = 4HNO3
Егер бөтелкенің аузын ашсаңыз, бөтелкенің іші қайтадан қоңыр түсті болады. Себебі, азот (ІІ) оксиді оттегімен қоңыр түсті азот диоксидіне дейін тез тотығады:
2NO + O2 = 2NO2
Мұны бірнеше рет қайталап көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |