Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Осы уақытта абай болыңыз!



бет37/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Осы уақытта абай болыңыз!
Жалын жасыл түске ие болады. Бор қышқылы спиртпен күрделі эфир береді. Оның жануы кезінде жалынның түсін өзгертетін бор оксиді түзіледі:


Сүттен жасалған пластик


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сүт

  • сірке қышқылы

  • темір ыдыс

  • қасық

  • дәке немесе елеуіш



Тәжірибе барысы:
Сүт ақ түсті болады, себебі оның құрамында сүт ақуызы – ақ түсті казеин бар. Бірақ бұл сүттің түсі сиырдың не жегеніне б айланысты емес дегенді білдірмейді. Сиырды сәбізбен немесе жүгерімен тамақтандырып көрсеңіз, сіз сүттің түсі сарғылт болғанын көресіз. Бұл сәбіз құрамындағы бета-каратинге байланысты.
Енді үй жағдайында сүттен пластик жасауға бола ма? Бұл әрине, мүмкін екен. Бар керек нәрсе ол – сүт пен сірке қышқылы.
Сонымен жарты стақан сүтті қайнағанға дейін қыздырыңыз. Содан кейін сүт қашан ұйығанға дейін қасықпен сірке қышқылын қосыңыз.
Алынған құрамды дәкеден немесе елеуіштен өткізіп сүзіңіз. Не шыққанын қараңыз. Пайда болған ақ кесектер сүт казеині мен сірке қышқылы реакциясының нәтижесінде түзілген пластик.


«Күміс айна»


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауық

  • стақан

  • ыстық су, дистельденген су

  • глюкоза

  • күміс нитраты

  • аммиак ерітіндісі

  • келсап



Тәжірибе барысы:
Бірінші сынауыққа глюкоза ерітіндісін дайындаймыз. Ол үшін шәй қасықтың төртен бір бөлігіндей глюкозаны 5мл дистельденген суда ерітеміз.
Екінші сынауыққа күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін дайындаймыз: түзілген тұнба аммиак ерітіндісінде толықтай еруін бақылай отырып, 2мл күміс нитраты ерітіндісіне аммиак ерітіндісін абайлап құямыз.
Енді екі ерітіндіні таза сынауыққа құямыз. Сынауық таза болса, жақсы нәтиже береді. Сынауықты ыстық суы бар стақанға саламыз (суреттегідей). Сынауықты қозғамай түзу ұстап тұрамыз. Екі минуттан кейін сынауық қабырғасында әдемі «күміс айна» пайда болады.
Бұл тәжірибеден біз нені түсінеміз? Глюкоза альдегидті спирт болып табылады. Альдегид тобы бойынша ол күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен глюкон қышқылы түзе тотыға алады. Күміс тотықсызданып, «күміс айна» түзіп сынауық қабырғаларына тұнады.
2AgNO3 + 2NH3 + H2O = Аg2O↓ + 2NH4NO3
Аg2O + 4NH3 + H2O = 2[Ag(NH3)2]OH
«Күміс айнаны» алудың реакция теңдеуі былай жазады:
2[Ag(NH3)2]OH + С6Н12O6 = 2Ag↓ + C6H12O7 + 4NH3 + H2O






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет