Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Жасанды қар Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар



бет38/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Жасанды қар


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • темір консерві ыдыс

  • қар

  • кальций карбиді

  • сіріңке



Тәжірибе барысы:
Сіз қарды тіпті, жазда да оңай ала аласыз. Әрине, қарыңыз табиғи болмайды, бірақ жасанды қарды алу мүлде қиын емес.
Тәжірибені жабық жерде жүргізеді. Үлкен химиялық стақанға (400-500мл-лік) түбін жабатындай етіп бензой қышқылын себіңіз. Стақанға кез-келген ағаштың кішкене бұтағын салыңыз. Стақанның үстіне мұз салып отыратындай салқын суы бар фарфор кесе қойыңыз. Стақанды асбест торының үстіне қойып, спиртшамда немесе электрлі жылытқышта қыздырыңыз. Сол кезде бензой қышқылының сублимациясы жүреді (tайдау 1000С). Бұл кезде заттың көлемі өзгереді және энергия сіңіріледі.
Салқындатқанда оның түссіз кристалдары қар сияқты ағаш бұтақтарын жабады.





Жеуге жарамды шыны


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • қант

  • маргарин майы

  • фольга қағазы немесе тәттілер пісіруге арналған қағаз

  • пісіруге арналған таба



Тәжірибе барысы:
Кино өндірісінде жасанды шынылар және шыны бөтелкелерді бастапқыда қанттан жасаған. Ал, қазір олар арнайы шайырлардан жасалады.
Қ ағазды майлап, оны тоңазытқышқа қойыңыз. Сосын табаға қантты салып, жанарғыға әлсіз отқа қойыңыз. Қызғаннан кейін қантты араластырып тұрыңыз. Қант еріп, біртіндеп әлсіз қоңыр түсті сұйықтыққа айналып балқи бастайды. Барлық қант еріп қоңыр сұйықтыққа айналғанға дейін араластыруды жалғастыра беріңіз. Қоңыр сұйықтықты салқын қағазға құйыңыз, суысын. Балқыған қант ыдыста суыйды. Бұл – жеуге жарамды қант шынысы. Ол шыныға ұқсас. Өйткені, қант та құмнан дайындалатын шыны сияқты кристалдардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет