Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Сүттегі түрлі-түсті жарылыс



бет40/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Сүттегі түрлі-түсті жарылыс


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • шұңғыл тәрелке

  • мақтасы бар таяқша

  • сүт

  • ыдыс жуғыш сұйықтық

  • түрлі түсті бояғыштар



Тәжірибе барысы:
Сонымен, шұңғыл тәрелкеге түбін толық жабатындай етіп сүтті құямыз. Шамалы қоя тұрыңыз. Сосын сүтке түрлі-түсті бояғыштарды тамызыңыз. Сосын балаларға құрғақ мақтадан жасалған таяқшаны көрсетіп, жәй сүтке тиігізіңіз. Бұл кезде ештеңе де өзгермейді. Енді, басқа таяқшаны ыдыс жууға арналған сұйықтыққа батырып, сүттің ортасына 10-15 секунд батырып тұрыңыз. Сол кезде жарылыс болады. Мұны қайталап жасап көруге болады.

Тәжірибенің мәнін түсінейік. Сүт құрамында витаминдер, минералдар, протеиндер және ұсақ май бөлшектері болады. Протеиндер мен майлар ерітінді өзгерісіне өте сезімтал. Бұл кезде ыдыс жұғыш сұйықтық ерітіндідегі протеиндер мен майларды ұстап тұратын химиялық байланысты әлсіретеді. Сол кезде өзіміз көргеніміздей күшті реакция жүреді. Ыдыс жуғыш сұйықтық сүтпен толық араласқанда реакция басылып тоқтайды.


Жалынды сынауық


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауық

  • газ өткізгіш түтігі бар тығын

  • спиртшам

  • тұрғы

  • сірке қышқылы

  • шыра



Тәжірибе барысы:
Сынауыққа 1мл концентрлі сірке қышқылын құйыңыз. Сынауықты газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып, тұрғыға көлбеу бағытта орналастырыңыз. Сосын жайлап қыздырыңыз. Сірке қышқылы қайнай бастаған кезде буы түтіктен шыға бастайды. Егер оған жанып тұрған жалынды апарар болсақ, онда әлсіз ашық түсті жалын пайда болады. Сірке қышқылы буының түзілуі тоқтаған кезде жану аяқталып, от өшеді.
СН3СООН + 2О2 = 2СО2↑ + 2Н2О




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет