ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану
9.2.2.4 Тотығу және тотықсыздану үдерістері бірбірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
9.2.2.5 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.6 Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
9.2.2.7 Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
Бағалау критерийі Білім алушы
Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану үрдістерін жіктейді
Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды
Реагенттер мен өнімдер құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды
Жартылай реакция әдісімен электронды балансты құрастырады және тотығу-тотықсыздану үрдісінің жиынтық теңдеуін теңестіреді
Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну/ Қолдану деңгейі Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма Электронды беру үрдісі қалай аталады?
Тотықсыздану
Тотығу
Тотығу-тотықсыздану
Айырылу
Назарларыңызға найзағайдың әсерінен жүруі мүмкін реакциялар ұсынылған.
Қай қатардағы жауап реагент молекулаларында болып жатқан процестерді дұрыс көрсетеді?
K2Cr2O7 + KI + H2SO4 = Cr2(SO4)3 + K2SO4 + I2 + H2O (а) Теңдеудегі заттардың үстіне тотығу дәрежелерін көрсетіңіз:
____________________________________________________________________________
(i) Құрамындағы атомдары тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін реаганттерді анықтаңыз:
Тотықтырғыш _______________________________________________________________ Тотықсыздандырғыш _________________________________________________________
(ii) тотығу дәрежесін пайдалана отырып, тотықтырғыштың атауын жазыңыз:
_____________________________________________________________________________ электрондық баланс әдісі арқылы: тотығу процесінің теңдеуін жазыңыз:
____________________________________________________________________________
тотықсыздану процесінің теңдеуін жазыңыз:
____________________________________________________________________________
Тотығу – тотықсыздану процесінің теңдеулерін қолдана отырып, реакцияның молекулалық теңдеуін жазып, теңестіріңіз:
____________________________________________________________________________
Тотығу және тотықсыздану процесіне электрондарды қосып немесе беріп жіберу тұрғысынан анықтама беріңіз:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Т өменде хром (ІІ) оксидінің, CrO айналымы көрсетілген.
(а) Кестені толтырыңыз:
№
Орын алған үрдіс
Аталуы
А
В
Сr2+ -4𝑒̅ → Сr6+
Тотығу
С
D
Қандай үрдісте хром (ІІ) оксиді тотықтырғыштық қасиет көрсетеді?
A. D B. C C. B D. A
(с) Хром (ІІІ) оксидіндегі хромның тотығу дәрежесі аралық мәнеге ие болғандықтан тотықтырғышта, тотықсыздандырғышта қандай қасиет көрсетеді?
Cr2O3 + 2Na2CO3 + 3NaNO CrO4 + 3NaNO2 + 2CO2 і. Қосылыстың формуласын жазыңыз:
Тотықтырғыш:___________________
Тотықсыздандырғыш:_____________
іі. Төменде хром (ІІІ) оксидінің химиялық қасиеті көрсетілген. Тотығу тотықсыздану реакцияларын анықтаңыз:
Cr2O3 + 6HCl → 2CrCl3 + 3H2O