«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып


ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет18/26
Дата09.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#174036
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
ОШ СОР Химия 9 класс каз
jasalmagan suraqtar

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

9.3А «17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты 9.3.3.5 Аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
9.2.1.16 Аммиакты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру
9.2.1.23 Фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
9.2.1.8 Топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
9.2.1.9 Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау:
металдармен, сутекпен және галогенидтермен
әрекеттесуі
9.2.1.24 Кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы

  • Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдейді

  • Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды сәйкестендіреді

  • Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты түсіндіреді

  • Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне сәйкес анықтайды  Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін бағалайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма

  1. Аммиакты Габер процесі арқылы өндіреді.

Азот пен сутегі арасындағы реакция келесі жағдайды жүреді:

    • 200 атмосфералық қысым;

    • Темір катализатор;

    • 400-450оС температура; (а) Азот газының көзі болып табылады?

      1. Ауа

      2. Мұнай

      3. Топырақ

      4. Нәруыз

(b) Габер процесінде орын алатын реакция теңдеін жазыңыз. (с) Аммиактың жай заттардан түзілуі қайтымды үрдіс.
Кестеде 600° С-та тепе-теңдік қоспадағы аммиак үлесінің қысымға тәуелділігі көрсетілген.

Аммиак үлесі

8

12

15

20

Қысым/ атм.

200

300

400

500

і. Не себепті қысым артқан сайын қоспадағы аммиактың массалық үлесі артатынын түсіндіріңіз:
іі. Габер процесіне төмен температураны пайдаланудың бір артықшылығын және бір кемшілігін көрсетіңіз:

  1. Диаграммада аммиак өндірісі кезінде жүзеге асатын процестер көрсетілген.

крекинг

W заты сутек фракция Аммиак Х заты азот

W, X заттары мен Y катализаторын анықтаңыз:


W

X

Y

A

ауа

мұнай

темір

B

ауа

мұнай

ванадий (V) оксиді

C

мұнай

ауа

темір

D

мұнай

ауа

ванадий (V) оксиді


  1. Суретте фосфордың екі аллотропиялық түр өзгерістері көрсетілген.


(а) Екі аллотропиялық түрөзгерістің қайсысы жоғары температурада балқиды? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз:
___________________________________________________________________________
(b) і. Фосфордың А аллотропиялық түр өзгерісінің жану реакция теңдеуін құрыңыз:
іі. Алынған өнімді суға ерітіп, лакмус тамызғанда ерітінді қандай түске боялады?

  1. Галогендердің алмасу реакциялары кестеде көрсетілген:


Тәжірибе

Галоген қосылған

Галогенидтер ерітіндісі

Х-

Y-

Z-

1
2
3

X2
Y2
Z2

-
Реакция жүрмейді
Реакция жүрмейді

Y2 алмасады
-
Y2 алмасады

Z2 алмасады
Реакция жүрмейді
-


  1. X, Y және Z галогендерін анықтаңыз:



X

Y

Z

A
B
C
D

Br
Br
Cl
Cl

Cl
I
Br
I

I
Cl
I
Br


  1. Астат (At) периодтық кестенің VII тобында орналасқан элемент.

Болжаңыз:

    1. 20 °С кезінде оның агрегаттық күйі: ii) түсі: ________________________________________________________________ iii) атомдық радиусы: ___________________________________________________


  1. (i) қатты калий йодидіне концентрлі күкірт қышқылын тамшылатып қосқан кезінде көрінетін өзгерістерді сипаттаңыз:


    1. Хлор мен судың әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз:

Жалпы коэффициенттер қосындысы: _______________________________________________

  1. (а) Осы заттардың қайсысы хлормен әрекеттеспейді:Na, CaF2, KI, H2 және «Х» белгісімен белгілеңіз:


Na

CaF2

KI

H2

Сl2






    1. Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:

___________________________________________________________________________

  1. Транзисторлар мен диодтар кремний пластиналарынан жасалған жартылай өткізгіштер болып табылады. (а) Кремнийдің меншікті жартылай өткізгіштік қасиеттері қандай екенін түсіндіріңіз:

___________________________________________________________________________

    1. Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін жақсартатын қоспалы қоспалар туралы білімді ескере отырып, кестені толтырыңыз:


Жартылай
өткізгіштің түрі

Қоспа

Негізгі заряд тасымалдаушы

n- типті



p-типті



(с) Бес валентті фосфор атомдарын кремнийге қосқанда, кремнийдің электрөткізгіштігі қалай өзгереді? Неліктен? Фосфор қоспаның қай түріне жатады? Жауабыңызды қоспадағы электрондық өту сызбанұсқасы бойынша шартты белгілерін көрсете отырып, дәлелдеңіз:
_ _______________________________________________
________________________________________________
________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Өнеркәсіптік
масштабтарда аммиактың
қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды
қолдануды дәлелдейді

1

аммиакты өнеркәсіптік өндіру кезіндегі азот көзін көрсетеді;

1

Габер процесін көрсететін теңдеуді құрастырады;

1

Ле Шателье-Браун принципі бойынша қысым жоғарылаған кезде қоспадағы аммиактың үлесінің ұлғаю себебін
дәлелдейді;

1

Габер процесінде төмен температураны пайдаланудың кемшіліктерін дәлелдейді;

1

Габер процесінде төмен температураны пайдаланудың артықшылығын дәлелдейді;

1

Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды сәйкестендіреді

2


аммиактың өнеркәсіптік синтезі кезінде реагенттерді жәнепайдаланылатын
катализаторды салыстырады;

1

Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы
айырмашылықты
түсіндіреді

3

құрылымы бойынша жоғары балқу температурасы бар фосфордың аллотропиялық модификациясын
таңдауды түсіндіреді;

1

(а) тармағындағы аллотропиялық модификацияның жану реакциясының
теңестірілген теңдеуін құрастырады;

1

(b) тармағындағы жану өнімін суда еріткенде көрсеткіштің түсін көрсетеді;

1

Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне қарай анықтайды

4

эксперименттік деректерді салыстырады және топтағы белсенділігіне сәйкес Х
галогенін анықтайды;

1

эксперименттік деректерді салыстырады және топтағы белсенділігіне сәйкес Y
галогенін анықтайды;

1

эксперименттік деректерді салыстырады және топтағы белсенділігіне сәйкес Z
галогенін анықтайды;

1

Хлормен әрекеттесетін қосылыстарды анықтайды

5

келтірілген тізбеден хлормен
әрекеттеспейтін қосылысты анықтайды;

1

Кремнийдің жартылай өткізгіш қасиеттерін
бағалайды

6

кремнийдің кристалдық торының сипаттамаларын ескере отырып, жартылай өткізгіштік қасиеттерін
дәлелдейді;

1

n-түрге арналған қосымша қоспаны және негізгі зарядты тасымалдаушыны көрсетеді.

1




р-түрге арналған қосымша қоспаны және негізгі зарядты тасымалдаушыны көрсетеді

1

бес валентті фосфордың қосымша қоспасын кремнийдің торына енгізу
үлгісін белгілейді

1

бес валентті фосфордың қоспасын ескере отырып, кремнийдің электр
өткізгіштігінің өзгеруін түсіндіреді

1

кремний атомының құрылысын ескере отырып, жартылай өткізгіштік
қасиеттерді негіздейді

1

өзгерістерді кремний және форсфор атомдарының құрылысының ерекшеліктерімен байланыстырады.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет