Оқу мақсаты 9.5.1.1 Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді
атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)
9.5.1.2 Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру
9.5.1.3 Адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру
9.5.1.4 Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау
9.5.1.5 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Ағзадағы сандық құрамы бойынша элементтерді жіктеу принципін түсіндіреді
Ауыр металдардың адам ағзасына түсу және олардан туындаған улану тәсілдерін сипаттайды
Макро - және микроэлементтерді функциялары бойынша сәйкестендіреді
Майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың адам ағзасындағы функцияларын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Элементтерді ағзадағы сандық құрамына байланысты макро- және микроэлементтерге жіктейді.
Элементтерді жіктеңіз:
сутек, көміртек, кобальт, магний, натрий, стронций, азот, йод, оттек, бром.
Макроэлементтер:
__________________________________________________________________________
Микроэлементтер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9-сынып оқушысы медициналық тексеруден өту кезінде оның ағзасында темір, фосфор, магний және йод сияқты элементтердің жетіспеуі анықталды.
Ағзадағы элементтердің орнын толтыру үшін сіздің құрдастарыңызға тамақтану рационын ұсыныңыз:
Темір: __________________________________________________________________
Фосфор: ________________________________________________________________
Магний: ________________________________________________________________
Йод:____________________________________________________________________ Ағзадағы магний мен йодтың жетіспеушілігі қандай аурулар туғызатынын болжаңыз:
Магний: __________________________________________________________________ Йод: _____________________________________________________________________
Өткен ғасырдың 50 жылдары Жапонияда Минамата кентінің маңында сірке қышқылын өндіру зауыты салынған. Оның қалдықтары 30 жыл бойы мұхитқа төгіліп отырған. Жүздеген жылдар бойы Минамата кентінің балықшылары балық, асшаяндар, теңіз алабұғаларын аулаумен айналысты. Әрине, теңіз өнімдері олар үшін негізгі тағам көзі болды. Біраз уақыт өткеннен кейін кент тұрғындарында аяқ- қол тырысулары, психоз, қояншық аурулары, психика мен интеллектінің бұзылуы сияқты аурулардың белгілері біліне бастады. Науқастарды зерттеу нәтижесінде кент тұрғындарының ауыр металдармен уланғаны анықталды.
Улануды туғызатын металды атаңыз: _______________________________________
Бұл металдың адам мен жануарлар ағзасына қандай жолмен түсетінін сипаттаңыз:________________________________________________________________
Ауыр металдармен уланудың алдын алу әдісін ұсыныңыз:______________________
__________________________________________________________________________
Адам ағзасында химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 70-тен астам элементі кездеседі. Осы элементтердің әрқайсысы адам организмінде белгілі бір қызмет атқарады және олардың кез келгенінің жеткіліксіз болуы организмде баланстың бұзылуына әкеліп соғады. Элементтердің функциялары және олардың организмде жетіспеушілік салдары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
-
|
Элемент
|
|
|
Функциясы және олардың организмде жетіспеушілігі
|
Макроэлемент
|
Ca
|
1
|
A
|
Функция: жасушаларды құрастырады, зат алмасу
процесіне қатысады, гормондарды
қалыптастырады, мидың қызметіне әсер етеді.
Жетіспеушілік: созылмалы шаршау, бұлшық ет
спазмалары, назарын жоғалту, рахит, остеопороз.
|
P
|
2
|
B
|
Функция:
су алмасуға қатысады, асқазаннан тұз қышқылын шығарады.
Жетіспеушілік: Гастрит, қышқылдың төмендеуі
|
Микроэлемент
|
Fe
|
3
|
C
|
Функция: сүйектер мен тістерді нығайтады, бұлшық етке серпімділік береді.
Жетіспеушілік: Сүйектер мен бұлшықеттердегі ауырсыну, бұлшық еттің тартылуы, тырнақтардың мүжілуі.
|
Cl
|
4
|
D
|
Функция: қан түзілу және клеткаішілік алмасу процесстерінде қатысады, гемоглобин мен миоглобинді
|
|
|
|
|
қалыптастыру үшін қажет, организмге оттекті тасымалдау кезінде қажет, қалқанша безді қалыпқа келтіреді. Жетіспеушілік: анемия және қаназдық, гемоглобиннің түзілуін төмендетеді және тыныс алу функцияларын бұзылады.
|
Жауабы:
-
Адам ағзасындағы заттар қосылыстар түрінде болады. Төмендегі кестеге осы қосылыстардың адам денесіндегі функцияларын және ақпарат көздерін (екіден кем емес) көрсетіңіз:
|
Денедегі функциялары
|
Ақпарат көздері (азық- түлік өнімдері)
|
Ақуыздар
|
|
|
Майлар
|
|
|
Көмірсулар
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |