Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна


Спирттердің қасиеттері жұмысының тапсырмалары



бет10/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)

Спирттердің қасиеттері жұмысының тапсырмалары
Этанолдың мыс (II) оксидімен әрекеттесуі.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: этил спирті, ұшы зімпара қағазымен тазартылған мыс сымы, қысқыш.
Жұмыстың орындалуы.
Мыс сымын қысқышпен ұстап тұрып, оның тазартылған ұшын спирт шамының жалынында қара түске ауысқанша – мыс (II) оксиді түзіледі, қыздырыңдар да, 2 мл этил спирті құйылған сынауыққа салыңдар. Мұнда мыс (II) оксидінің әсерінен этил спирті сірке альдегидіне дейін тотығады, оны алынған қосылысқа тән иісінен білуге болады. Мыс (II) оксиді металдан мысқа дейін тотықсызданады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Глицериннің мыс (II) гидроксидімен реакциясы.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: глицерин, су, мыс (II) сульфатының 2%-тік ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10%-тік ерітіндісі, сынауықтар.
Жұмыстың орындалуы.
Сынауыққа 3-4 мл мыс (II) сульфатының ерітіндісін құйып, тұнба түзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тәжірибе жақсы шығу үшін сілтінің артық мөлшерін алған жөн. Алынған қоспаны екі сынауыққа бөліп, біреуіне бірнеше тамшы глицерин құйып, екінші сынауықпен салыстырыңдар. Глицерині бар сынауықтағы тұнба ериді де, көгілдір түсті ерітінді түзіледі.
Байқалған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.

Спирттерді тотықтыру ақылы альдегидтер алу.


Реактивтер мен құрал-жабдықтар: метил спирті, калий перманганатының ерітіндісі, сынауықтар.
Жұмыстың орындалуы.
Сынауыққа 1 мл калий перманганатының ерітіндісімен метил спиртін құйып, қоспаны жаймен қыздырыңдар. Формальдегид түзіле бастағанда ерітіндінің күлгін түсі жойыла бастайды. Реакция теңдеуін жазыңдар.
8-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Карбон қышқылдарын алу және қасиеттері»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларға карбон қышқылының алыну жолын, олардың қасиеттері мен құрамын іс жүзінде таныстыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, газ жүретін түтігі бар тығын, штатив, спиртшам, сынауық ұстағыш, натрий ацетаты, күкірт қышқылы, лакмус, сілті ерітінділері, магний ұнтағы, күміс (I) оксидінің аммиакты ерітіндісі, тұз қышқылы мен кальций хлоридінің ерітіндісі.
Мұғалім сабақты практикалық жұмыстың мақсатын түсіндірумен бастайды. Тәжірибелердің жұмыс барысы оқулықта түсінікті, жақсы берілген. Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін мұғалім оқушыларға қосымша нұсқаулар береді.
Оқушыларға сірке қышқылын алу құралын құрастыру кезінде, натрий ацетаты мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда сақ болуды ескерту қажет. Теория жүзінде қарастырған реакциялардың тәжірибелерін орындағанда нәтижесіне ұқыптылықпен назар аударған жөн.
Мұғалім практикалық жұмыстың қорытындысын жасап, оқушыларға баға қойғанда төмендегі икемділіктердің қалай орындалғанын ескеру керек:

  1. Құралды дұрыс құрастыру;

  2. Сақтық ережелерін ескере отырып, сірке қышқылының иісін ажырата білу;

  3. Сірке қышқылының сілті ерітіндісімен нейтралдау реакциясын жазу;

  4. Лакмустың түсін бақылау;

  5. Сірке қышқылының тұзбен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазу;

  6. Құмырсқа қышқылының күміс оксидіне (аммиактағы ерітіндісіне) әсерін тексеру;

  7. Кір сабынның судағы ерітіндісін дайындау;

  8. Қанықпаған қышқылдарға тән қасиеттерді ескере отырып, олеин қышқылының құрамын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет