Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна


Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері



бет3/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)
Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері

  1. Күйген кезде (жанарғы жалынымен немесе жанарғы заттармен) күйген жерді калий перманганатының концентрациялы ерітіндісімен дымқылдау керек немесе калий пермаганатының түйірлерімен тері қоңырқай болғанша сүрту керек немесе күюге қарсы ерітіндімен ылғалданған (дәрі салынған қорапшадағы) мақтамен сүрту керек.

  2. Қатты күйген кезде тез арада дәрігерге қаралу керек.

  3. Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек(II) оксидімен уланғанда, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, дәрігерді шақыру керек.

  4. Егер теріге концентрациялы қышқыл немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді лезде судың көп мөлшерімен жуу керек. Қышқылмен күйген жағдайда 5%-тік сода ерітіндісімен немесе аммиактың сұйылтылған ерітіндісімен өңдеу керек; сілтімен күйгенде 2%-тік сұйылтылған сірке қышқылының ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін терінің зардап шеккен бөлігінің дағы кеткенше сумен жуу керек.

  5. Ыстық аппаратураға жанасып кетіп күйгенде терінің күйген жерін 2%-тік калий пеманганаты немесе 3%-тік танаин ерітіндісі сіңірілген матамен жабу керек.

  6. Қолды шынымен кесіп алғанда, ең алдымен, жарадан шыны сынықтарын алып, қанды 2%-тік калий перманганатының ерітіндісімен немесе спиртпен жуып, жараға иод тұндырмасын жағып, бинтпен орау керек. Қажетті медикаменттер лабораториялық дәрі салынатын қорапшада үнемі болуы қажет.

1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың жалпы металл қосылыстары жөніндегі алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап, бұрын қалыптасқан икемділіктерін іс жүзінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: әр оқушының жұмыс орнында спиртшам, ерітінділер – күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, калий ферро (III) гексацианиді, алюминий хлориді, болу керек.
Беріліп отырған эксперименттік есептердің мазмұны бойынша бұл жұмыс оқушылардың «Металдар» тарауында алған білімдерін қорытындылауға бағытталған. Дегенмен де келтірілген есептерді шығару үшін оқушылар бұрын қалыптасқан икемділіктері мен білімдерін жаңа байланыста пайдаланады. Осы жайлы ескере отырып, мұғалім оқушыларды сабақ барысымен таныстырып, эксперименттік есептерді шығару тарапынан тиісті нұсқаулар береді.
№1,2 есептерде иондардың сапалық реакциясы негізінде берілген заттарды ажырата білу икемділігі дамытылады.
№3,5 есептерде оқушылардың берілген затты химиялық жолмен алып қана қоймай, оның қасиеттерін дәлелдейтін тәжірибелер жасау икемділіктері тексеріледі.
№6 есепті шығарғанда оқушылар өз ойларын химиялық тәжірибелердің көмегімен дәлелдейді.
№7 есеп оқушының теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуін, яғни берілген сызбанұсқадағы өзгерістерді жүзеге асыру икемділігін тексеруге арналған.
Қорыта айтқанда мұғалім сабақ барысында оқушылардың төмендегідей біліктерді игеруін тексереді.





Тексерілетін икемділіктер

1.

2.
3.



Заттарды ажырата білу

  • Металл иондарын жалынның түсінің боялуы бойынша ажырату

  • Металл иондарын сапалық реакция бойынша ажырату

  • Ерітінділердегі қоспаны ажырату

  • Металл тұздарының сапалық құрамын анықтау

Берілген затты химиялық жолмен алу

  • Алюминий (III) сульфатын алу.

  • Темір (II) сульфатын алу

Химиялық реакциялардың теңдеуін жазу

  • Молекулалық теңдеуін жазу

  • Толық иондық теңдеуін жазу

  • Қысқарған иондық теңдеуін жазу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет