Химия сабағында зертханалық – практикалық жұмыстардың орындалуының тиімді тәсілдері Химия ғылымы- Эксперименттік ғылым.
Химия пәнінен ашық сабақтар
Химия сабағында зертханалық – практикалық жұмыстардың
орындалуының тиімді тәсілдері
Химия ғылымы- Эксперименттік ғылым.
Сондықтан химия сабақтарында химиялық эксперименттің демонстрациялық тәжірибелер, лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтар сияқты түрлері қолданылады. Ондай химиялық эксперименттің бірнеше мақсаты бар:
Зерттелетін заттармен оқушыларды көрнекі таныстыру. Мысалы: заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелерді көрсету.
Оқушыларды заттардың сандық, сапалық өзгерістерімен жан-жақты таныстыру. Оқушылар көрсетілген тәжірибеден заттардың қасиеттері туралы қорытынды шығарады.
Сөйтіп әрбір оқушы осы химиялық эксперименттерде заттарды көзбен көріп қолмен ұстайды, табиғат заңдарын пайдалана отырып, жаңа заттардың қасиеттерін жаңаша талдайды, және адам ойының қаншалықты құдіретті жүйрік және кемеңгер екеніне ойын жеткізеді.
Химия сабағында эксперименттік жұмыстар өтуі үшін ең негізгі жағдай қазіргі талапқа сай жақсы жабдықталған химия кабинеті болуы керек.
Оқушылардың кәсіптік білім алуына көмектеседі . Химияның өмірмен, халық шаруашылығымен байланысын, химия өндірісінің ғылыми негіздерін ашып көрсетеді.
Оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Химия кабинеті мектептің үшінші қабатында орналасқан. Кабинет: сынып -лаборатория және лаборант бөлмесі немесе зертхана сияқты екі бөлмеден тұрады.
Химия сабағында демонстрациялық тәжірибелер, лабораториялық жұмыстар және практикалық сабақтарды жоспарлы түрде жүргізу үшін арнайы күнтізбе жоспары жасалады.
Химия пәні бағдарламасы мен осы жоспарды басшылыққа ала отырып, әрбір сыныпқа арнап лабораториялық және практикалық сабақтарды жүргізу жоспарын жасаймын. Жасалған жоспарды әрбір тақырып бойынша қай күндері қандай демонстрациялық тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар жүргізу керектігі атап көрсетіледі. Химияның әрбір сабағы тәжірибелер жүргізу арқылы қызықты, тартымды өтеді. Жеке сыныптарда жүргізілетін тәжірибелердің жоспарлары химия кабинетінің лаборант бөлмесіндегі мұғалімнің жұмыс столының жанында ілулі тұрады. Күнделікті сабаққа әзірлену кезінде тиісті тәжірибелерді алдын –ала сынап көріп , қажетті жабдықтар даярланып қойылады.Сабақта тәжірибелерді жүргізуде мен көптеген қосымша материалды пайдаланамын. Әсіресе С.Мұсабековтың «Органикалық химия практикумы »,С.А Балезин,
Г.С Разумовский, Д.И Филько «Жалпы химия практикумы» , Л.В Бабич «Практикум по неорганической химии» деген көмекші құралдар көп көмегін тигізіп жүр. Мектеп практикасында химиялық эксперименттің үш түрі : демонстрациялық эксперимент, зертханалық және практикалық сабақтар кезіндегі эксперимент жүреді.
Демонстрациялық экспериментті көбінесе жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалімнің өзі жасайды. Демонстрациялық эксперименттің нәтижелі болуы үшін экспериментті алдын-ала мұқият даярлап , оны міндетті түрде тексеру керек. Демонстрациялап отырған тәжірибенің сыныптағы барлық оқушыларға көрнекі болуы да алдын-ала ойластырылады. Демонстрациялық эксперимент кезінде мұғалім аспаптың құрылысын, жұмыс істеу принципін , реакцияға алынған заттардың қасиеттерін, реакция жүргендегі өзгерістерді сөзбен біртіндеп түсіндіреді. Түсіндіру процесінде мұғалім оқушылардың бақылауын жүйелі түрде бағыттап отырса ғана эксперимент тиісті нәтиже береді. Әрбір тәжірибеден кейін мұғалім оқушылардың қатысуымен логикалық талдау жасайды.
Мысалы: 1. Тәжірибе не үшін жасалады ?
2. Тәжірибеге қандай заттар алынды және олардың
қасиеттері қандай?
Тәжірибе кезінде не байқадыңдар?
Реакцияның жүруі үшін қандай жағдайлар қажет?
Тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?
Енді осы демонстрациялық экспериментке бір сабақтан мысал келтіре кетейін.Мысалы 8-сыныпта « Оттегінің қасиеттері» тақырыбын түсіндіргенде оттегінің қандай заттармен және қандай жағдайларда химиялық реакцияға қатысатынын анықтап, сабаққа қажетті құрал жабдықты дайындап алу керек.Оған қажетті жабдықтар : калий перманганаты, қызыл фосфор ұнтағы,ағаш көмірі,темір ұнтағы, натрий, спирт шамы, пробиркалар, шырпы, химиялық қасық. Жаңа сабақты түсіндіргенде оттектің ашылу тарихына бір оқушы тоқталып өтеді. Оған осы тақырыпқа хабарлама жасау күні бұрын беріліп қойылады. Одан кейін оттектің физикалық, химиялық қасиеттерін мұғалім демонстрация түрінде дәлелдейді.
Калий перманганатын пробиркада қыздырудан алынған оттекті бір стаканнан екінші стаканға «құю» оның ауадан ауыр екендігі , шала жанған шырпының оттегінде күшті жарық шығарып жанатындығын көрсетумен жануды қуаттайтынын, иіссіз, түссіз, дәмсіз, суда аз еритін газ екенін айтамын.
Оттегінің химиялық қасиеттерін түсіндіру үшін оның жай заттармен қосылуының бірнеше реакцияларымен таныстырамын.
а) Темір қасыққа аздап қызыл фосфор салып, спирт шамында қыздырып, жанған фосфорды оттек бар пробиркаға батырсақ, фосфор оттегінде көз қаратпайтын жарық шығарып, ашық жалынмен жанады, ыдыс ішінде қою ақ түтін (ақ ұнтақ) фосфор (v) оксиді түзіледі.
4P+5O2=2P2O5+Q
фосфор (v) оксиді.
ә) Қасыққа салынған ағаш көмірінің кішкене кесегін спирт шамның жалынына қыздырып, жалыннан алып ауада ұстаймыз. Онда көмір нашар жанады. Көмірді қатты қыздырып , оттегі бар стаканға салғанда ол жалын мен түтін шығармай жанып кетеді.
C+O2=CO2 +Q
б) Болат сымның ұшына шырпының сынығын түйреп, оны жағып, оттек бар ыдысқа батырсақ, темір шырпыдан от алады да, түтін шығармай жарық ұшқын шығарып шашырап жанады.
3Fe+2O2=Fe3O4+Q
Тәжірибелер нәтижесінде оқушылар бос күйіндегі оттектің активті, химиялық реакцияға оңай түсетін элемент екендігін қорытындылайды. Оқушылар тақтадағы реакция теңдеулерін пайдаланып төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Оттекпен жасалған тәжірибелер кезіндегі химиялық реакциялар қай типке жатады?
Жылу эффектісі жөнінен қайсы реакцияға жатады?
Реакция теңдеулерін элементтердің химиялық таңбасы бойынша оқы.
Жаңа сабаққа қорытынды жасалып, үйге тапсырма беріледі.
Химиялық эксперименттің екінші түрі – зертханалық тәжірибелер жасау.
Зертханалық тәжірибелер жаңа сабақты түсіндіру процесінде жаңа эаттарды алу және олардың қасиеттерімен танысу, мұғалімнің түсіндірген ережелерін нақтылау мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың өздігінен орындаған жұмыстары заттардың қасиеттері туралы дұрыс және нақты түсінік алулары үшін мұғалімнің көрсеткен тәжірибелеріне қарағанда анағұрлым әсерлі болады.
Лабораториялық жұмыс кезіндегі эксперименттің өзіне тән артықшылықтары бар. Лабораториялық жұмыстар мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Сыныптағы оқушылар бір мезгілде бір ғана жұмысты орындайды.Зертханалық жұмыс кезіндегі эксперимент уақытты көп керек етпейді. Мұғалім зертханалық жұмыс кезінде оқушылардың тәжірибелерді жасау барысын бақылап және бағыттап отырады.Оқушылар зертханалық жұмыстардан мұғалімнің көмегімен қорытындылайды .
Достарыңызбен бөлісу: |