Химиялық тілдің атқаратын басты функциялары:
1. Танымдық қызметі. Химиялық тіл химияны оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылады, осы кезеңдерде әртүрлі үрдістік қызметтер орындалады. Олардың көмегімен бағдарламалық білім меңгеріліп, химиялық ұғымдар қалыптасады, әртүрлі білімдендіру қызметтері оқушыларды дамытып, олардың дүниетаным көзқарастары кеңейеді.
2. Ақпараттық қызметі. Нақты химиялық объектілер мен оларға балама ұғымдар, фактілер, заңдар, теорияларға химиялық ақпараттарды қолданғанда іске асуы.
3. Тәрбиелік қызметі. Химияны дұрыс ұғыну үшін, алдымен оқушыда қоршаған дүние, оның заттары жайында таным қалыптасады.
4. Дамыту қызметі. Жеке тұлғаны қалыптастыруды іске асырады, білімді меңгерудің шығармашылық қабілетін кеңейтеді.
5. Қорытындылау қызметі. Химиялық тіл тәжірибеге негізделген, танымға сай білім нәтижесін жинақтап, жүйелеп қорытындылайды. Әсіресе оның теориялық мәні өте зор. Білімді теорияны жинақтап қорытуда символикалық кестелер, заттар арасындығы өзара байланыс – элементтің табиғаттағы айналымын көрсететін сызбанұсқалар, заттың жалпы қасиеттерін салыстыратын формулалар, қысқа жолдық теңдеулер елеулі рөл атқарады.
6. Жүйелеу функциясы. Химиялық обьектілер туралы білімді жүйелеу процесінде іске асады. Білімді жүйелеуде сызбанұсқалардың маңызы өте зор. Білімді жинақтап жүйелеудегі әмбебап құралы – химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі.
7. Жинақтаушы (интегралдаушы) қызмет. Бұл функция пәнаралық және пәнішілік байланысты меңгеруге жеңілдік береді. Химиялық тіл химияны оқытудың тәсілдік жеңілдеуі.
Мектеп химиясындағы тіл туралы білімнің игерілуіне қойылатын талаптар. Химиялық тілді игеруге қойылатын талаптарды негізінен химиялық символиканы қамтиды. Мәселен 8-сыныптағы химиялық тілді игеруге қойылатын талаптарға әдістемелік түсінік томендегідей:
1. Оқушылардың элементтердің химиялық символын білуі;
2. Оқушылардың химиялық формулалар мен теңдеулердің мағынасын түсіндіруі;
3. Валенттілікке сүйеніп, екі элементтен тұратын қосылыстардың формулаларын құрастыра білуі;
4. Металдардың және қышқыл қалдықтарының валенттіліқтері бойынша негіздердің және түздардың химиялық формулаларын құрастыруы;
5. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздардың номенклатурасын білуі;
6. Электрон қабаттарындағы электрон сандарын кѳрсетіп, атом қүрылысының сызбанұсқасын сыза білуі;
7. Қосылыстың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алуы;
8. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізінде электрондық баланс теңдеуін жазып, химиялық теңдеу қүруы;
Осы талаптарға сәйкес оқушылар химиялық тіл туралы алған білімін келесі сыныптарда нығайта түсуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |