Сабақ тақырыбы. Оксидтер,жіктелуібалыну жолдары. Оқу-тәрбие міндеттері



Дата17.06.2018
өлшемі19,97 Kb.
#42685
түріСабақ
8 - сынып

V -тарау. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау.



Сабақ тақырыбы. Оксидтер,жіктелуібалыну жолдары.

Оқу-тәрбие міндеттері.



Оқыту міндеті: Оксидтер жайлы білімдерін нақтылау. Оксидтер формулаларын жазу, химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу,оксидтер формулаларын графиктік кескіндеуді меңгерту.

Дамыту міндеті: Өзін-өзі және бірін-бірі оқыту, өздеріне қорытындылатуда ізденісін дамыту.

Тәрбие беру міндеті: Тақырып мәнін ашуда экологиялық білім беру.

Сабақ түрі: Тақырыпты меңгерту. Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Өздік жұмыс,ойын элементтерін қолдану,жеке және топтық жұмыс, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша сұрақтар, интерактивті тақта.

Техникалық құрал: Интерактивті тақта

Пәнішілік байланыс: Органикалық химия күрделі зат метанды жағу үрдісі

Пәнаралық байланыс: Биология,экология

Көрнекілігі: 1"Химиялық логорифм" сызғышы мұгалім және әр оқушы үстеліне жұмыс істеуге, тақтаға да ілуге арналған.

2."Сен білесің бе?" электровикториналарға арналған құрал мұғалім мен оқушы үстеліне койылады.

3.Сурет " Бәйге" 4. Сигнализатор екі жағы түрлі-түсті оқушы жауабына арналған.

5.Дидактикалық үлестірмелі қиықшалар. 6. Кесте. Кейбір оксидтер атаулары.

7. Сызбанұсқа. Оксидтердің жіктелуі.

Қолданылытын әдістемелік оқулықтар: Әдістемелік нұсқау,есептер мен жаттығулар жинағы.

Қосымша пайдаланылған журнал: Химия мектепте

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

а) Мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі,

ә) Оқушыларды түгелдеу,

б) Жұмыс орнын әзірлеу,

в) Оқушылардың сабаққа көңіл аударуын ұйымдастыру.

II. Өткен тақырыпқа шолу, еске түсіру.

Оқушылар бинарлы қосылыстар, оксидтер анықтамасы, атауы туралы койылған сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын айту үшін қолдарындағы сигнализаторды жоғары көтеріп оксидтер формулаларын жазып, оқиды. Дұрыс жауапқа калған оқушылар екі рет қол соғып дұрыстығын білдіреді.



III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақтаға сабақ тақырыбы жазылады. Оқушылар дәптерлнріне жазып оксидтердің жүктелу себебін түсініп отырады. Тірек сызба белгілерді пайдаланып, пікірлерін білдіреді. Жауаптарын бір ретке келтіруде интерактивті тақтада берілген формулаларды латынша оқып, қазақша атауын табу.



Оксидтер, жүктелуі.

А оксидтер құрамындағы элементтер табиғаты бойынша:

1 металл оксидтері 2 бейметалл оксидтері

K2O - CaO – NO2 - P2O5 -

Ә химиялық қасиеттері бойынша:


  1. негіздік оксидтер Na2O - BaO-

  2. қышқылдық оксидтер CO2 - SiO2

  3. екідайлы оксидтер Al2O3 - Cr2O3

  4. басқа оксидтер NO - NO2

Б тұз түзетіндігіне қарай:

1 тұз түзетіндер:

N2O5 – CO2 - Na2O –

NO2 - P2O5 - ZnO –

2 тұз түзбейтіндер:

NO - N2O



B суда ерігіштігіне қарай:

  1. жақсы еритін 2. нашар еритін

Na2O - P2O5 - CO2 - NO2

3 суда ерімейтін

NO - Al2O3 - SiO2

Cr2O3 - CuO - ZnO –



Г агрегаттық күйіне (қ.ж) қарай:

  1. газ тәрізді: CO2 - NO - NO2

  2. қатты: - қалған барлық оксидтер

Ғ химиялық элементтер валенттілігі бойынша:

  1. бірвалентті элементтер оксидтері: Na2O - Li2O - Ca2O -

  2. еківалентті элементтер оксидтері: NO - CuO –

  3. үшвалентті элементтер оксидтері: Fe2O3 - Cr2O3 - Al2O3 -

  4. төртвалентті элементтер оксидтері: SO2 - SiO2 - CO2 - NO2-

  5. бесвалентті элементтер оксидтері: N2O5 - P2O5 -

д элемент сипатына қарай:

  1. тұрақты валентті элементтер оксидтері:

Na2O - ZnO - Al2O3

2. ауыспалы валентті элементтер оксидтері:

CO2 - NO - NO2 - P2O5 - Cr2O3 - CuO –

Е бос күйінде табиғатта таралуы бойынша:


  1. табиғатта бос күйінде болатын:

Al2O3 - SiO2 - CO2 - NO - NO2

2. табиғатта бос күйінде кездеспейтін:

Na2O - P2O5 - Cr2O3 - CaO –

Ж түсіне қарай екі топқа жіктелуі:


  1. түссіз Т - CO2 - NO2

  2. түсті Т+ NO2 – қоңыр түсті

Na2O - Al2O3 - P2O5 - ZnO – ақ түсті

“Әр оқушы қабілетіне қарай” ойын енгізу. Уақыт үнемдеу үшін жұмыс орындарын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

“Химиялық логорифм” сызғышы көмегімен оксидтер формулаларын құрастыру.

Темір (III) – оттек хлор (VII) – оттек кальций – оттек

Әрбір жауап оқушылар тарапынан мұқият қадағаланып отырады.

“Сен білесің бе?” электровикториналарға арналған құралды әр оқушы пайдаланып, формулаға атын сәйкестендіреді. Әрбір сұрақ-жауап жанынан контактілер орнатылған. Сұраққа жауап бергенде сымнын бір ұшын дұрыс жауапқа жалғастырады. Жауап дұрыс болса, лампа жанады. Егер лампа жанбаса, оқушы жауабының дұрыс болмағаны.

MgO күкірт (VI) оксиді

CaO магний оксиді

P2O5 кальций оксиді

SO3 фосфор (V) оксиді



Оксидтер формуласын графикалық кескіндеу үлгісінде көрсету.

Li2O Li – O – Li

MgO Mg = O

SO2 O = S = O

Fe2O3 O = Fe – O – Fe = O

Оқушы қызметі: Жұмыс тапсырмалары дәптерге орындалады. Реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойып теңестіреді. Заттардың химиялық таңбасын қазақша оқып беру. Тақтаға шыққан әр оқушы жауап беру сәтінде “Бәйге” суретін магнитті тақтада жылжытып отырады.

,

Оксидтерді алу әдістері:



  1. Жай заттарды металл немесе бейметалды тотықтыру

Ca +O2 -> P +O2 ->

2. Күрделі заттарды: а сутекті қосылыстарды тотықтыру

H2S + O2 ->

3. Бірқатар тұздарды: ә сульфидтерді тотықтыру

Na2S + O2 ->

б тотығу дәрежесі төмен оксидтерді тотықтыру NO + O2 ->



3. Күрделі заттардың ыдырауы: CaCO3 ->

а карбоонаттардың сульфаттардың ыдырауы: ZnSO4 -> CaCO3 ->

ә калий перманганатының ыдырауы: KMnO4 ->

б қышқылдардың ыдырауы: H2Si O3 ->

в суда ерімейтін негіздердің ыдырауы: Cu (OH)2 ->

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Жоғарыда қарастырылған оксидтердің қоршаған ортаға әсері бар ма? Оқушылардан күткен жауаптар толықтырылады. Оны жүзеге асыру мақсатында есептер шығарылады. “ Әр оқушы қабілетіне қарай” ұстанымы орындалады.



V. Үйге тапсырма беру. Оқулық мәтіні соңындағы тапсырмалар.

VI. Қорытынды. Шығу парағына сәйкес оқушылар сабақ туралы ойларын қағазға жазып өткізеді.

  1. Бүгінгі сабақ несімен қызықтырады?

  2. Әлі де үйренуге тиіс болатын сұрақтар

VII. Білімдерін бағалау. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, жауаптары сараланады. Бағалау парағы арқылы ұжымдық және өзін-өзі бақылау арқылы бағалау рейтінгісі шыгарылады.

“5” - “4” - “3” - “2” –
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет