Кездейсоқ қателердің белгілі бір таңбасы болмайды, «кездейсоқ» деп аталуының өзі оның пайда болуында қандай да бір заңдылықтың байқалмайтынын көрсетеді. Кездейсоқ қателердің болуы параллельді жүргізілген анализдерде жүйелі қателерді болдырмау шараларын ескеріп, түзету коэффициенттерін қолданғанның өзінде де анализ нәтижелерінің бір-бірінен өзгеше болуымен түсіндіріледі. Кездейсоқ қателерді әдетте кездейсоқ құбылыс ретінде қарастырады және бұл қателерді ықтималдылық теориясы мен математикалық статистиканың негізінде өңдейді.
Анализдің қайталап өлшегенде кездейсоқ, яғни кенеттен пайда болған қатесін кездейсоқ қатедеп атайды. Кездейсоқ мәннің таңбасы өлшеулер сериясында тұрақты болып қалмайды және тәжірибеден тәжірибеге ауысқанда өзгереді.
Берілгенжағдайдаболжанғанмәнненәлдеқайдаөзгешеболатынөрескелқатеніағаттықтар(секірмелімәндер)депатайды. Ағаттықтар(секірмелімәндер)– бұлар үлкен ауытқулар, анализдің көзге түсетін жаңсақтықтары, көбінесе олақтықтан, салақтықтан, дұрыс көңіл бөлмеуден немесе білімнің жетіспеушілігінен, аналитиктің жеке басының құзіретсіздігінен, кездейсоқтықтардың сәтсіз тоғысуынан туындайды. Олар әдетте аналитиктің дөрекі оперативті қателер жіберуінен болады, мысалы сүзу, құрыштау немесе өлшеу кезінде тұнбаның белгілі мөлшерін шашып алуы, яғни оның массасын жоғалтуы және т.б. Үйреншікті мысал ретінде студенттердің тамшуырды (пипетканы) дұрыс пайдаланбауын келтіруге болады. Ағаттықтар анализ нәтижесін бұрмалағандықтан, оларды анықтап алады және көбінесе есептен шығарып тастайды.
Анализ нәтижелерінің дұрыстығы, жинақтылығы, қайталанымдылығы, дәлдігі, орта мән және стандартты ауытқу
Дұрыстық– анализ өлшеулерінің сапасы, олардың нәтижелеріндегі жүйелі қатенің нөлге
жақындығынбейнелейді.Дұрыстықтыңсандықбағалануыретінде x–хақиқесептеледі,немесе,жеке нәтиже үшін:
хі–хақиқ
хақиқ(ақиқатмән)дегеніміз,«қайсы-біршаманысапалықжәнесандықжағынанмүлтіксізсипаттайтын мән». Шартты ақиқат мән дегеніміз, «өлшенетін шаманың эксперименттік жолмен алынған және ақиқат мәнге соншалықты жақын болғандықтан, алға қойылған өлшеу мақсатында ақиқат мән орнына қолданыла алатын нақты мәні».
Өлшеу нәтижелерінің жинақтылығы(ұқсастығы)дегеніміз – бірдей жағдайда (бір ғана аналитиктің орындауында, бір ғана аспаптың, реактивтің, матрицаның, ортаның көмегімен ғана, уақыттың аз аралығында) жасалған өлшеулер нәтижелерінің бір-біріне жақындығын көрсететін өлшеу сапасы.
Өлшеулердің қайталанымдылығыдегеніміз – әртүрлі жағдайда (әртүрлі уақытта, әртүрлі орындарда, әртүрлі әдістер мен құралдардардың көмегімен) орындалған өлшеулердің нәтижелерінің бір-біріне жақындығын көрсететін өлшеулер сапасы.
Өлшеулердің дәлдігі деп өлшеулер нәтижелерінің анықталатын шамасының ақиқат мәніне жақындығын көрсететін өлшеулердің сапасын айтады. Дәлдік жоғары болса, оған сәйкес қате де, яғни жүйелік қатеде, кездейсоқ қатеде аз болады. Дәлдік термині, әдетте, жалпылаушы термин ретінде қолданылады, ол жүйелі қателердің жойылуын немесе есепке алынуын және кездейсоқ қателердің азаюын бейнелейді: неғұрлым жалпы қате аз болса, соғұрлым дәлдік жоғары болады.
Анализдің компоненттің ақиқат мәніне өте жақын болатын және оны алмастыра алатын нәтижесін шынайы дәл мөлшер деп атайды.
Өлшелінген шаманың математикалық статистика бойынша неғұрлым дұрыс және мейлінше мүмкін болатын (ықтимал) мәнін оның математикалық күтімі береді. Математикалық күтім nдискретті өлшемдер сериясы үшін мына теңдеумен өлшенеді:
бұндағы,xi–i-шіөлшеунәтижесі;Pi –оныңықтималдығы. Тең нүктелік (дәлдігі бірдей) өлшемдер жағдайында