Химиялық байланыс § 1 Химиялық байланыс туралы ұғымның дамуы



бет7/12
Дата17.10.2019
өлшемі1,55 Mb.
#50201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекция -4

Сурет 4.5 Аммиак, су, метан молекулаларындағы орбитальдардың қабысуы

Су молекуласында орталық атом оттектің гибридті электрондық бұлтына – (sp3), сәйкес байланыс бұрышы 1090-тан 1050-қа кішірейеді, өйткені гибридтік бұрышқа, оттегінің екі жұп электроны әсер етеді.Осыған байланысты су молекуласы бұрыштық формалы болады. Орталық атомның электрондық орбиталдарының гибридтену типі бірдей болғанымен оның байланыстырмайтын электрондарының саны артқан сайын молекуланың кеңістік конфигурациясы да өзгереді (кесте 4.5).

Кесте 4.5 Гибридтену типі мен кеңістіктік конфигурациясының арасындағы байланыс



Молекула типі

Гибридтену типі

Орталық атомның валенттілік электрондары

Кеңістік конфигурациясы

Мысалдар

Байланыс-тырушы

Байланыстыр-майтын жұп

AB2

sp

2

0

Сызықтық

CO2, CS2, BeCl2

AB3

sp2

3

0

Үшбұрышты

BCl3, CO32-

AB4

sp3

4

0

Тэтраэдрлі

CCl4, CH4

AB3





3


1


Тригональды пирамида

NH3, PH3


AB2




2

2

Бұрыштық

H2O

AB5


sp3d

5


0


Тригональды бипирамида

PCl5


AB3




3

2

Т – тәрізді

ClF3

AB6

sp3d2

6

0

Октаэдрлік

SF6

AB5





5


1


Квадратты пирамидалық

IF5


AB4




4

2

Квадратты

XeF4

AB7

sp3d3

7

0

Пентогональды бипирамида

IF7

Сөйтіп, гибридтену типін анықтау молекуланың кеңістікте орналасуын, байланыс бұрышын анықтауға мүмкіндік береді. Гибридті орбиталь түзілу үшін мынандай шарт орындалуы тиіс:

1) гибридтелетін атомдық орбитальдар энергиясы бойынша бір-біріне жақын болуы тиіс, ол үшін электрондық бұлттар бір энергетикалық деңгейде орналасуы қажет,

2) гибридтелген электрон бұлттарының тығыздығы жоғары болуы,

3) гибридтелген орбитальдардың байланысушы атомның электрон бұлтымен қабысу дәрежесі жоғары болуы тиіс.

Сонда, гибридтену нәтижесінде мынадай жәйттар байқалады:

1) гибридтенуге қанша атом орбиталі қатысса, сонша гибридті орбиталь түзілуі,

2) гибридтенуге қатысатын атом орбитальдары әр түрлі пішінде болса, гибридтелген орбиталі бірдей пішінді болады,

3) гибридтену арқылы тек



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет