Химиялық эквивалент



бет1/3
Дата28.02.2022
өлшемі26,65 Kb.
#133718
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
42853211HIMIYALYK EKVIVALENT 2


ХИМИЯЛЫҚ ЭКВИВАЛЕНТ

Химиялық тәжірибелерде таразыны кең қолдану, химиялық қосылыстардың құрамын білу, химиктердің алдына бірнеше жаңа мәселелер қойды. Соның бірі химиялық элементтер бірімен-бірі қосылысқанда қандай масса мөлшерлерінде қосылысады деген мәселе болды. Ағылшын ғалымы Джон Дальтон 1803 ж. химияға эквивалент деген түсінік енгізді.


Эквивалент дейтініміз — химиялық элементтер бірімен-бірі қандай салмақ мөлшерлерінде қосылысатындығын көрсететін сан.
Әдетте сутек пен оттекті өлшеуіш ретінде пайдаланады, сутектің, 1,008 салмақ бөлігіне, оттектің 8 салмақ бөлігі сәйкес келетіні белгілі, сондықтан:
Элементтің химиялық эквиваленті дегеніміз оның 8 салмақ бөлік оттекпен не 1,008 салмақ бөлік сутекпен қосылыса алатын немесе қосылыстарда солардың орнын баса алатын салмақ мөлшері.
Көміртек диоксидін СО2 талдағанда 12 салмақ бөлігіне оттектің 32 салмақ бөлігі қосылатыны анықталған. Мұнда (12:4=3 32:4= 8) оттектің 8 салмақ бөлігіне көміртектің 3 салмақ бөлігі сәйкес, олай болса көміртектің эквиваленті 3-ке тең. Бір элементтің әрекеттесуге қатысатын, шығатын өнімнің ретіне байланысты бірнеше эквиваленті бола алады. Мысалы, көміртектің екінші оттекті қосылысы СО алсақ, онда (12:2=6 16:2= 8) оттектің 8 салмақ бөлігіне көміртектің 6 салмақ бөлігі қосылып тұрғанын көреміз. Демек, бұл көміртек оксидіндегі көміртектің эквиваленті 6-ға тең.
Химияға эквиваленттен кейін эквивалент заңы енді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет