Химиялық элементтердің электртерістігі, валенттілік және тотығу дәрежесі


Химиялық элементтердің валенттілігі



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі82,87 Kb.
#79616
1   2   3
Байланысты:
valenttilik. tot gu darezhe 2

Химиялық элементтердің валенттілігі:
Валенттілік (лат. valentіa — күш) — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып, химиялық байланыс құру қасиеті. Валенттіліктің мәні берілген элементтің атомы ала алатын немесе орнын баса алатын сутек атомдарының санымен өлшенеді. 
Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген. А.М. Бутлеровтың қосылыстардың химиялық құрылысы теориясына (1861) Валенттілік негіз болды, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашуына (1869) байланысты бұл ұғым одан әрі дамыды. 
Менделеев элементтің валенттілікінің оның периодтық жүйедегі орнымен байланыстылығын тапты, айнымалы валенттілік туралы ұғымды енгізді, элементтің сутекпен және оттекпен қосылыстарындағы валенттіліктерінің өзара байланысын көрсетті. Валенттіліктің электрондық теориясы (Коссоль теориясы, 1916 ж.) бойынша атомдардың өзара әрекеттесуі бір атомнан (немесе бірнеше атомдар тобынан) екінші атомға электрон ауысуымен байланысты деп қарастырылды.
Осыдан келіп оң және теріс валенттілік ұғымы шықты: элементтің оң валенттілік оның инертті (сарғылт) газдардың электрондық құрылысына ие болу үшін өзінен беретін, ал теріс валенттілік өзіне қабылдайтын электрондардың санына тең.



Алайда, атомдардың бір-бірімен әрекеттесуі кейде электрон ауысуынсыз да іске асады. Элементтердің валенттілікіне қарап химиялық формулаларды жазуға болады.
Мысалы, инертті газдардың электрондарының бәрі жұпталған (жалқы электрондары жоқ), сондықтан олар нөл валентті, ал периодтық жүйенің
І-тобындағы элементтер атомдарының сыртқы электрондық қабатында бір жалқы электрон болады, сондықтан олар бір валентті;
ІІ-топ элементтері атомдарының сыртқы қабатында екі жалқы электрон бар, олар екі валент



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет