Химиялық элементтердің электртерістігі, валенттілік және тотығу дәрежесі



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі82,87 Kb.
#79616
  1   2   3
Байланысты:
valenttilik. tot gu darezhe 2




Химиялық элементтердің электртерістігі, валенттілік және тотығу дәрежесі.


Химиялық элементтер – ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. Элементтер химиялық әдістер арқылы әрі қарай қарапайым затқа бөліне алмайтын химиялық заттар болып табылады. Олар белгілі атом саны бар біртекті атомнан тұрады.
Бүгінгі күнге дейін 117 элемент ашылған. Олардың ішінде 94-і табиғатта кездессе, қалғаны жасанды жолмен алынған синтетикалық элементтер.
Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді, мысалы,
азот N (лат. Nіtrogenіum),
алюминий Al (лат. Alumіnіum), т.б.
молекуласы бір ғана элемент атомдарынан құралған зат — жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат — күрделі зат деп аталады.
Кейбір элементтер бос күйінде молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі (О2 — оттек, О3 — озон, т.б.). 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет