Мысалы: химиялық формулада элементтердің валентілігі химиялық таңбалардың үстінде рим сандармен жазылады.
I II V II VI II I IV II I VI II H2O P2O5 S O3 H2 C O3 Na2 S O4 Элементтердін тотығу дәрежесі: Тотығу саны – химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан.
Тотығу дәрежесу шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні () қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады.
Мысалы, Mn+7, S+6, S -2, Cl+5, O- 2, H+1, т.с.с.
Химияда тотығу дәрежесі ұғымы тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін, анорганикалық қосылыстардың классификациясын құруда, т.б. пайдаланылады. Тотығу дәрежесінің мәні валенттілікке сәйкес келе бермейді.
Мысалы: метандағы (СН4) көміртектің тотығу дәрежесі – 4,
метил спиртінде (СН3ОН) – 2,
құмырсқа альдегидінде (НСНО) – 0, бірақ іс жүзінде жоғарыда аталған қосылыстардың барлығында да көміртек атомы 4 валентті болады.
Элементтердің электртерістілігі: Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.
4 тапсырма: натрий ортофосфаты, күкірт қышқылы, магний оксиді, осы қосылыстардың молекулалық массаларың анықтап есепте.
Mr(Na3PO4) =
Mr(Н2SO4) =
Mr(MgO) =
5 тапсырма: (есеп)мына қосылыстың Na2SiO3 құрамындағы барлық химиялық элементтердің мөлшерің есептеп шығарындар.
Ескерту: химия пәніне жұмыс дәптер бастап, лекцияны және тапсырмаларды соған орындаған соң, суретке түсіріп платонусқа жүктеңдер. Тапсырмаларды сағат 15.00 дейін орындау керек.