Химиялық зақымдану ошағына ахқЗ қолдану кезіндегі медициналық көмек көрсету ерекшеліктері



бет1/3
Дата13.01.2022
өлшемі49,5 Kb.
#111795
  1   2   3
Байланысты:
7ceb3b9a-c358-48ec-8e08-575e88b03fc2


 «Химиялық зақымдану ошағына АХҚЗ қолдану кезіндегі медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.»

 

2-тарау. Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек

 

7. Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.



Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.

8. Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.

9. Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.

10. 200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.

11. 750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.

12. 1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.

13. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.

14. Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік).

15. Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады.

16. Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің, тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің бұзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.

17. Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.

18. Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.

19. Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.

20. Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.

21. Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе       2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған  қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданған аумағын ағынды сумен жуады.

22. Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды. Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).

23. Егер зардап шегушінің тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс алу жасау керек. Жүрек соғысы сезілмесе, жасанды тыныс алуға қосымша жүректің сыртынан массаж жасалады. Әрқашанда жасанды тыныс алудан басталады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет