Өндірістік химия. Химиялық қосылыстарды өндірістік масштафта өндірумен айналысатын химияның саласын өндірістік химия деп атайды. Ол оттегі, хлор, аммиак, каустикалық сода, азот қышқылы және күкірт қышқылы сияқты негізгі химиялық заттарды өндірумен айналысады. Аталған химиялық заттар тыңайтқыштар, сабын, тоқыма бұйымдары, ауылшаруашылық өнімдері, бояулар мен қағаздар және т.б. көптеген салаларда шикізат ретінде қолданылады.
Ядролық химия. Бұл радиоактивтілікпен, ядролық процестермен және оның әр түрлі қасиеттерімен айналысатын химияның бір саласы. Бұл саланың негізгі бағыты атом энергиясы және оның күнделікті өмірде қолданылуымен байланысты. Ол медицина (сәулелі терапия), азық-түлік өнімдерін сақтау және ядролық реакторлар арқылы электр энергиясын өндіруде және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |