Химияның алғашқы ұғымдары Толық жауап беретін сұрақтар сұрақ



бет5/7
Дата29.04.2022
өлшемі30,34 Kb.
#141407
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
CHAPTER 1 FUNDAMENTALS OF CHEMISTRY

Қоршаған орта химиясы. Химияның бұл саласында қоршаған ортаның компоненттері және адам қызыметінің қоршаған ортаға әсері зерттеледі. Қоршаған орта химиясының биология, геология, экология, топырақ және су химиясы, математика және инженерия және т.б. маңызды салаларымен байланысты өте тығыз. Қоршаған орта химиясның процестерін білу оны жақсарту және ластанудан қорғау үшін қажет.

  • Аналитикалық химия. Химияның құрамдас бөліктерін анықтау мақсатында үлгіні бөлу және талдаумен айналысатын бөлім. Үлгіні бөлу сапалық және сандық талдаудан бұрын жүзеге асырылады. Сапалық талдау заттарды сапалық тұрғыдан зерттесе, сандық талдау үлгі құрамындағы әр компоненттің мөлшерін анықтайды. Демек, бұл салада талдау үшін қолданылатын әр түрлі құрал-жабдықтар мен әр түрлі әдіс-тәсілдер зерттеледі. Химияның бұл саласы тамақ өнеркәсібі, су ресурстары, қоршаған ортадағы өзгерістерді талдау және клиникалық талдауды қамтиды.

    1. сұрақ. Материя, зат, физикалық және химиялық қасиеттер терминіне анықтама бер.

    1. Материя. Әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым.

    2. Зат. Зат тұрақты массасы мен кеңістікте шектелген пішімі бар бөлшекті нысандардың (атом, молекула, ион, денелер) жиынтығын білдіреді.



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет