Кобекова айкумис султанбековна орта мектепте жалпы биология курсында сырт орта факторларыны



Дата18.02.2017
өлшемі244,97 Kb.
#10314
түріДиссертация
Ә.О.Ж. 37.022:57:595.7

Қолжазба құқығында



КОБЕКОВА АЙКУМИС СУЛТАНБЕКОВНА

ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА СЫРТ ОРТА

ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАСЕКОМДАРҒА ӘСЕРІН ОҚЫТУ
6М011300-Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013 ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және аграрлық – технологиялар институты «Биология және география» кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекші: - Биология ғылымының кандидаты,

профессор Төрехан Кемелқызы

Ресми оппонент: -Ауыл шаруашылығы ғылымының

докторы Жамантықов Хаси

Магистрлік диссертацияны қорғау 2013 жылдың « » сағат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратының (120014, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі №66) № дәрісханасында мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (К.Байсейітова көшесі №100) танысуға болады.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кiрiспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен және 17- кесте, 47- суреттерден құралады.



Түбірлі сөздер:

Энтомология, антропогендік фактор, механикалық ластаушылар, химиялық ластаушылар, консерогендік фактор, микроорганизмдер, биогеоценоз.



Кiрiспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, ғылыми жаңалығы мен практиалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Қоршаған ортаның насекомдарға әсерін биология курсында оқытудың педагогикалық негізі» атты тарауында, орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктің биологиялық білім мазмұнындағы орны және орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктің ағартушылық-тәрбиелік рөлі, сонымен қатар орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктің ағартушылық-тәрбиелік рөлінің мағынасы ашылады.

«Қоршаған ортаның насекомдарға әсерін биология курсында қыту әдістемесі» атты тарауында биология курсында орта факторлардың насекомдарға әсерін оқыту әдістемесі және орта факторлардың насекомдарға әсерін оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысында қарастыру әдістемесі, сонымен қатар экспериментті тексеру нәтижесі анықталып, қарастырылды.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргізу кезінде біз ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаландық. Олардың қолданылуы әдіснамалық, теориялық және дидактикалық сипаттағы қорытындыларды алуға нысандалды.

Қорытындыда теориялық талдау мен тәжiрибелiк жұмыстың нәтижелерi бойынша қорытындылар баяндалады.

Тақырыптың өзектілігі:

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесінде қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі. Баланың ғылыми дүние-танымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық, әкологиялық жағдайлар әсер етеді. Өйткені, биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы адам баласының ақыл- ойына тікелей қатысты. Экологиялық жағдайлардың тірі ағза тіршілігіне қолайсыз әсерінен сақтау, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу әрбір білім беруші ұстаздың міндеті. Ғылыми-техникалық прогресс адамның қоршаған ортасын революциялық деңгейде өзгертті. Адамның биосфераға араласуы өзінің мәні жөнінен табиғаттың әрекетімен бірдей деңгейде көтерілді. Табиғат, бізді қоршаған орта деп тірі ағзаға әсер ететін бүкіл сыртқы күштердің жиынтығын айтамыз.

Тіпті мәңгі тоң жататын зоналардың өзінде де әртүрлі пестециттер, химиялық заттар, ауыр металдардың тұздары т.б кездесіп жатады. Себебі атмосферадағы құбылыстардың әрқилы көз жеткіліксіз қашықтықтарға ластаушы заттарды алып кетіп жатады. Атмосфералық ластаушы заттар мәңгілік мұзға жетіп жатқанда оның топыраққа түспеуі , оған әсер етпеуі мүмкін емес. Топырақ көптеген ағзалардың мекен ететін ортасы.

Қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты. Адамзат табиғаттан тіршілігіне қажеттің барлығын алады, сонымен қатар қоршаған ортаны түрлі қосылыстармен ластауда . Мұндай қосылыстардың көбі токсиндік және консерагендік қасиетті , олар биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуде. Осы құбылыстарды болдырмауға, алдын-алуға адамзатқа экологиялық мәдениет керек. Оны қалыптастыратын орта- мектеп. Оқыту барысында бала бойына сол мәдениеттің элементтерін енгізуге болады. Экологиялық сауаттылық пен оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсететін арнайы методикалық құралдар өте аз.

Сонымен биологиялық білім беру аясында бүгінгі мамандарды табиғат жөніндегі білімді тасымалдаушы ғана емес, биологиялық және педагогикалық мәдениетті алып жүруші тұлға ретінде қалыптастыру мақсаты тұр. Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады. Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдап, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды. Ғылыми-техникалық прогресс адамның қоршаған ортасын революциялық деңгейде өзгертті. Адамның биосфераға араласуы өзінің мәні жөнінен табиғаттың әрекетімен бірдей деңгейде көтерілді. Табиғат, бізді қоршаған орта деп тірі ағзаға әсер ететін бүкіл сыртқы күштердің жиынтығын айтамыз.

Осыдан бірнеше деген 10-жылдықтар бұрын биосфераға шектеусіз, өзіне өндірістердің ауыл шаруашылығының әртүрлі апаттардың әсерінен болатын қалдықтарды шексіз сіңіретін орта деп қараған болатын,тіптен ластану өндірістің қарқынымен байланысты. Сондықтанда ластануға тек өнеркәсібі дамыған елдер ғана ұшырайды деген қателесушілік болды. Қазіргі кезде жер бетінде практикалық жағынан алып қарағанда оның тұрғындарының жасанды түрде алынған заттармен радиацияның көздерімен синтетикалық химиялық заттармен ұшырасып кездеспейтін жері жоқ.

Осы құбылыстарды болдырмауға, алдын-алуға адамзатқа экологиялық мәдениет керек. Оны қалыптастыратын орта- мектеп. Оқыту барысында бала бойына сол мәдениеттің элементтерін енгізуге болады. Сол себепті біз таңдауымызды осы тақырыпқа тоқтаттық. Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен, қазақ мектептеріндегі билология пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді. Сол себепті біз таңдауымызды осы тақырыпқа тоқтаттық.

Зерттеудің мақсаты:

Сырт ортаның ластануын дәлелдеуге байланысты насекомдардың топырақта таралу мүмкіндігін анықтау. Тіршілік формаларының бейімделгіштік ауқымын көрсету мақсатында зерттеу нәтижесін сабаққа пайдалану мүмкіншілігін көрсету.



Зерттеудің міндеттері:

1.Орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктің биологиялық білім мазмұнындағы орнын анықтау;

2.Орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктің ағартушылық-тәрбиелік рөлін анықтау;

3.Орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктің мектеп биологиясы курысында қарастырылу жағдайын анықтау;

Зерттеудің нысаны:

Антропогендік факторлардың әсеріне баға беруге үйрету және қоршаған ортаның зияндылығын анықтауға жәндіктерді индикатор ретінде пайдалану.

Зерттеу пәнi:

Орта факторлардың насекомдарға әсері жөніндегі түсініктер жүйесі.



Зерттеудiң болжамы:

Қауіпті консерогендік факторды анықтау үшін эксперимент қою арқылы ластаушы факторлардың қаншалықты қауіпті екеніне оқушылардың көзін жеткізу және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда көрнекі материалдардың ролін көрсету .



Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi:

Зерттеудiң басты әдiснамалық қағидалары: тұлғаның iс-әрекетте дамуы жөнiндегi философиялық-психологиялық теорияларына; қазiргi дүниедегi тұлғаның әлеуметтену ерекшелiктеріне; теория мен практиканың өзара байланысы жөнiндегi iлiмге; тұлға мен жеке адамның дамуындағы практиканың ролiне; тұтас педагогикалық үрдіс тұжырымдамасына негiзделедi.



Зерттеу әдiстерi:

Теориялық: анализ, синтез, салыстыру және эмпиритикалық, қорытындылау, эксперименттік: тікелей және жанама түрде педагогикалық бақылау жүргізу, педагогикалық тәжірибе, әңгімелесу, түсіндіру, бекіту, қорытындылау, аралық бақылау; талдау әдісі, математикалық өңдеу әдісі.



Зерттеудiң ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:

Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру, оның нәтижесін сабақта демонстрациялау арқылы көрсете біліп , теориялық білімін тереңдету және бекіту.

Зерттеудiң практикалық мәнi:

Мектептің биология курсының білімдік, тәрбиелік потенциялын көтеруге бағытталған және де кластан тыс жұмыстардың жүйесін жасауға арналған методикалық нұсқаулар жасау.



Қорғауға келесi қағидалар ұсынылады:

Оқушылардың білімін, біліктілігін, дүниетанымын арттыру мақсатында, оқытудың жаңа әдістемесін ұсынумен қатар, ғылыми жұмыс жасау дағдыларынын дамыта отырып, білімін кеңейтуге, пайдалануға болатынын ұсынамыз.

Зерттеу базасы:

Оқыту эксперименті №12 І. Қабылов атындағы орта мектепте жүргізілді.



Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және ендiру:

Эксперимент жүргiзу барысында жүзеге асты және зерттеудiң негiзгi қағидалары мен нәтижелерi республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды, сондай-ақ мерзімді басылымдарды жарық көрген ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламаларда көрініс тапты.

Негізгі бөлім

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

Жер бетіндегі тіршіліктің ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі, жан –жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы мен ерекшеліктері туралы мәліметтер өте ерте кезден – ақ жинақталған. Тіпті Аристотель (біздің э.д. 384-322 ғ.) 500 – ден астам жануарлардың өзіне белгілі болған түрлері мен олардың мінез – құлық ерекшеліктері туралы, балықтар тіршілігіндегі қысқы ұйқыға кету мен көбею кезіндегі өрістеулері, құстардың суық мезгіл жақындағанда жылы жаққа қоныс ауыстыруы, жануарлардың тіршіліктегі іс-әрекеттері, көкектің паразиттік тіршілік нышаны мен каракатицалардың өзін -өзі қорғау ретіндегі өзгерістік іс-әрекеттері жайында көптеген мәліметтер қалдырған екен. Аристотельдің оқушысы, «ботаниканың атасы» атанған Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 ғ.) өсімдіктердің топырақ пен тұрғылықты жер климатына байланысты формалары мен өсу ерекшеліктерін салыстыра келе, олардың өсу ортасына тәуелділігін атап көрсетеді [1,2,3].

Энтомология пәнінің негізгі объектісі – жәндіктер. География және энтомология пәні насекомдардың биологиялық, морфологиялық, физиологиялық, экологиялық, систематикалық, географиялық ерекшеліктерін қарастырып, олардың жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады.

Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 – 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 – 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 – 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Экологиялық фактор ағзаларға әр түрлі әсер етеді.Кейбіреулеріне өмір сүруіне жағдай жасаса, ал басқа бөліктеріне қолайсыз жағдай тудырады. Барлық факторлар бір-бірімен қарым- қатынас жасай отырып, насекомдарға комплексті түрде тұтас бір фактор ретінде әсер етеді.

Топырақ - тірі дене. Топырақтың құрамында тек өлі минералды заттар ғана емес, әр кезде азды - көпті тірі организмдер,түрлі микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктер болады. Бұлар топырақтың тірі бөлігін құрайды.

Микроорганизмдер табиғаттың ыстық – суығына да, оттегінің бары жоғына да, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне де қарамайды, барлық жағдайға бейім келеді. Тек оларға қажетті ылғал мен қорек зат болса болғаны, сондықтан олар табиғаттың барлық бұрышында да кездеседі. Олар топырақтың бір бөлігі болып саналады.

Осы жаңа инновциялық әдістер ішінен, жоғарыда айтылып кеткен, факторлардың насекомдарға әсерін оқыту әдістемесінде кіріккен сабақ, модульдік оқыту және саралап- деңгейлеп оқыту технологияларын пайдаландым.

Зертханалық жұмыс – оқыту процесінде теорияның табиғатпен өзара байланысын іс жүзіне асыратын, білімді сенімге айналдыратын өте маңызды жол. Демек, дұрыс жасалған зертханалық жұмыс және одан шығарылған айқын қорытынды – биологияны оқыту кезінде оқушылардың дұрыс дүниетанымдық көз-қарасын қалыптастырудың маңызды құралы деп есептеймін. Сондықтан, мектептерде көбірек эксперименттік, зертханалық жұмыстар жасалуы қажет.

Биология - эксперименттік ғылым. Сондықтан, биологиядан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың пән бойынша алынатын білімдерінің көзі және табиғатты зерттеудің әдісі, биология сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.

Эксперимент жұмысы мектеп оқушыларына, ұзақ тарихи жылдар процесіндегі адаптацияның пайда болуы туралы, ғылыми жорамал құруға, организмдердің өзгергіштік қасиетін, тіршілік үшін күресін, сұрыпталу әсерінің бағытын белгілеуге жәрдемдеседі. Оқушылардың теориялық ауызша берген жауаптары, сондай-ақ дәптерлеріндегі жазбалары бақылау нәтижелерін тексеруге көмектеседі.

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын оқушыларға биология сабақтарында экологиялық білімін қалыптастырудың мақсаттарында төмендегідей міндеттерді белгіледік:

1.Оқушыларға сырт орта факторларының насекомдарға әсерін оқыту

2.Зерттеу нәтижесінде аталған насекомдарды сабақ барысында пайдалана алуға қалыптастыру.

Оқушылардан аталған міндеттерді анықтау үшін бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылады. Олар: бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, сынақ сабақ.

Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды:

1. Констатациялық эксперимент

2. Қалыптастыру эксперименті

3. Бақылау эксперименті.

Констатациялық экспериментінің мақсаты - 11 сынып оқушыларының биологиялық, экологиялық білім деңгейін тексеру. Он бірінші сынып оқушыларының білімдерін тексермес бұрын, оқушылардың білім деңгейінің диагностикалық белгілерін немесе критерий қойдық.

Оқушылардың жалпы пән бойынша білімдерін тексеру үшін тест сұрақтары дайындалып, бақылау жұмыстары алынды. Тест 10 сұрақ көлемінде берілді. Тест жабық түрінде алынды, сұрақ берілді, ал жауаптарын оқушылардың өздері жазды. Тест сұрақтары өтіп кеткен материалдардан құрылды. Сонымен қатар оқушылардың білімін, деңгейін тексеруде бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмыстары екі нұсқада берілді. Әр нұсқада 6 сұрақтан болды. Жүргізілген екі жұмыстың нәтижесі арқылы оқушылардың білімін анықтадым. Сонымен біз констатациялық кезеңде он бірінші сынып оқушыларының биологиялық, экологиялық білім деңгейін анықтап кесте құрылды.

Констатациялық яғни айқындаушы экспериментті қорытындылайтын болсақ, 11 «А» (эксперимент) сыныбы оқушыларының білімінің деңгейі бақылау сыныбынан төмен көрсеткіш көрсетті, яғни 11«Б» сыныбына да, 11 «А» сыныпқа да биологиялық-экологиялық білімдерін анықтау үшін бірдей тесттік жұмыстар, бақылау жұмыстары және түрлі үлестірмелер берілген болатын.

Жоғарғы деңгейдегі оқушы - берілген тесттен 10 сұраққа жауап берді және де қосымша тапсырма жасады. 9 сыныпта өтілген орта факторлар тақырыптарынан алған білімдерін байланыстыра алды.

Орта деңгейдегі оқушы – тест сұрақтарының ішінен топырақтың, судың ластануынан сақтау жолдарын, жануарлар, жәндіктер тіршіліктерін топырақпен байланыстыра алмады. Басым көпшілігі 5,6 сұрақтарды қате немесе толық емес жауап береді.

Төмен деңгейдегі оқушы – қойылған сұрақтарға толық дұрыс жауап бере алмайды. Мұғалімнің көмегін қажет етеді.

Қалыптастырушы эксперимент немесе өзгертуші кезеңде 11 сынып оқушыларына сабақ барысында, сырт орта факторларының насекомдарға әсерін түсіндіру мақсатында, сыныптан тыс жұмыс кезінде жинақталған жәндіктерді пайдалана отырып жүргізіліп, сабақтардың барлығы жаңа технологиялық әдістермен өткізілді. Кіріккен сабақ түрі, яғни қысқа мини-сабақтар жиынтығы және Караевтің саралап – деңгейлеп оқыту әдісі қолданылды. Оқушылар үшін ең тиімдісі саралап-деңгейлеп оқыту әдісі болды. Бұл сабақ барысында оқушылар өз деңгейлерін бағалап, сабаққа деген ынталары арта түсті.

Үшінші кезеңдегі бақылау яғни қорытындылау мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін, білімдерін қалыптастыруда, жаңа инновациялық сипатта өткізілген сабақтардың, оның ішінде Жанпейісованың модульдік оқыту үлгісінің және оқушыларға шағын эксперимент жұмыстарын жасатудың тиімді екенін анықтау.

Бақылау немесе өзгертуші эксперимент нәтижесінде оқушылардың айқындаушы кезеңіне қарағанда білімінің жоғарылағаны байқалды.


1-Кесте.Оқушылардың білім деңгейі

Деңгей

сынып


Жоғары

Орташа

Төмен

Оқушы

саны


%

Оқушы

саны


%

Оқушы

саны


%

11 «А»

20 оқушы


Эксперимент

тобы


11

55

8

40

1

5

11 «Б»

20 оқушы


Бақылау сыныбы

10

50

8

40

2

10

Бақылау немесе қорытындылау экспериментінің нәтижесі бойынша эксперимент сыныбында «жоғары» деңгейді 11 оқушы (55%), «орташа» деңгейді 8 оқушы (40%), «төменгі» деңгейді 1 оқушы (5%) көрсетсе, ал бақылау сыныбында «жоғары» деңгейді 10 оқушы (50%), «орташа» деңгейді 8 оқушы (40%), «төменгі» деңгейді 2 оқушы (10%) көрсетті (2-сурет).



1-Сурет.11 сынып оқушыларының білім деңгейі (бақылау кезеңі)

Сонымен экспериментті қорытындылай келе, 11 «А» сыныбының білім сапасының жоғарылағанын көреміз, оның көрсеткішін келесі кесте мен суреттен көре аласыз.

2-Кесте.11 «А» сынып оқушыларының салыстырмалы білім деңгейі



Деңгей

сынып


Жоғары

Орташа

Төмен

Оқушы

саны


%

Оқушы

саны


%

Оқушы

саны


%

Экспериментке дейін

8

40

7

35

5

25

Эксперименттен кейін

11

55

8

40

1

5

Егер экспериментке дейін 20 оқушының 8-і (40%) жоғары деңгейге, 7-і (35%) орта деңгейге, 5-і (25%) төменгі деңгейге үлгерсе, эксперименттен соң үлгірім деңгейі 20 оқушының 11-і (55%) жоғары деңгейге, 8-і (40%) орта деңгейге, 1-і (5%) төменгі деңгейге көтерілгенін көрсетті (3-сурет).

2-Сурет.11 «А» сынып оқушыларының салыстырмалы білім деңгейі (эксперимент қорытындысы) бақылау экспериментінің қорытындысы.

Эксперимент барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып, әр түрлі ғалымдардың пікірін ескере отырып, біз оқушылардың бойына экологиялық білімді қалыптасуын дамыту үшін сырт орта факторлардың әсерін тану мақсатында насекомдарды қолданудың нәтижелі нәтижелі болу шарттарын тауып, құрдық. Мұндай шарттарға біздің ойымызша мыналарды жатқызуға болады:

- Қызылорда қаласының санитарлық экологиялық жағдайларын зерттеу.

- Экологиялық жағдайлардың жәндіктерге әсерін зерттеу.

- Ағза және орта тарауын оқыту барысында жәндіктердің мекен ортасын анықтау мен орта факторларын көндігу сипатына эксперимент қоюға үйрету.

-Эксперименттің нәтижесін әрбір тақырыпта пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

- Антропогендік факторлардың әсеріне баға беруге үйрету және қоршаған ортаның зияндылығын анықтауға жәндіктерді индикатор ретінде пайдалану.

- Қауіпті консерогендік факторды анықтау үшін эксперимент қою арқылы ластаушы факторлардың қаншалықты қауіпті екеніне оқушылардың көзін жеткізу және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда көрнекі материалдардың ролін көрсету .

-Мектептің биология курсының білімдік, тәрбиелік потенциялын көтеруге бағытталған және де кластан тыс жұмыстардың жүйесін жасауға арналған методикалық нұсқаулар жасау.


Қорытынды

Егер оқу процесі оқушының ғылыми жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның ғылыми көзқарсының дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан оқушының жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды.

Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, эксперимент жүргізу барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Әрбір оқушының өзі де пассивті емес түрде сыртқы ортаның жағдайларына бағынады. Ол өзінің ортасында белсенді, ол қоршаған ортаға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол жергілікті биологиялық алуантүрлілікке деген өзіндік жеке тұлғалық енгізулер жүргізгісі келетін болады. Табиғатпен қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісін оятады. Оқушының әлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді.

Тәжірибелік-ғылыми жұмыстың нәтижесі инновациялық оқыту әдістерді ұтымды пайдалану, оқушылардың оқу үлгерімінің жүйелі түрде өсіп отыратынын мынадай факторлар анықтап берді:

1.Оқушыларға білім беруде бұрыннан қалыптасқан аралас сабақтан көрі инновациялық әдіс-тәсілдердің артықшылығы дәлелденді.

2.Инновациялық әдісті ғылыми зерттеу жұмыстарымен ұштастырудың тиімді жағы анықталды, дәлелі үлгерім сапасы.

3. Компьютерді қолдану арқылы танымдық белсенділікті қалыптастыру үрдісі кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі білім базасын жасауда арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың білім және дағдыны игеруіне арналған негіз жасау, компьютердің көмегімен оқушылардың оқу үлгірімін бақылау және өзін -өзі бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.

4. Ғылыми танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасуына, білімді саналы түрде игеру дәрежесін көтеруге , негізгі ойды бөліп алуға және оқу - танымдық белсенділігін арттыру арқылы қорытындылау мүмкінділігінің артуы байқалады.

Адамзаттың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуде қоршаған ортаны қорғау мен тиімді пайдалану мәселесін комплексті зерттеу нәтижесі:

а) Үлкен трасса бойлары зиянды заттармен қаныққан болып келеді ( қорғасын, мыс, жанармай қалдығымен, көмірқышқыл газы т.б. заттар).

б) Зиянды ластаушы заттар топыраққа сіңіріледі, ол тіршілік иелеріне қауіп-қатер тудырады, дәлелі жол жиегінде өсімдіктің жоқтың қасы, жануарлардан сирек, қоңыз бен құмырсқалардың болуы (денелері хитинмен жабылған насекомдар ғана шыдай алған).

в) Үлкен жол жиегінен алыстаған сайын зиянды заттар мөлшері азаяды, ол өсімдік жамылғысына да, топырақта тіршілік ететін жәндіктерге де тиімді жағдай жасйды, дәлелі жәндіктер саны, түрлік құрамы еселеніп арта түсті.

г) Жәндіктердің топырақты бойлап таралуы қорғаныштық қасиеттеріне тәуелді, себебі беткі қабатта хитинді жамылғысы бар организмдер көп

кездессе, төменгі қабатында бұл жамылғы жоқ, әлсіз болғандықтан көбіне

дернәсілдер таралған. Жоғарғы көрсеткіштер оқушыларда экологиялық факторлардың әсері туралы осындай осындай қорытынды жасауыма әкелді.

Осы эксперимент нәтижелері сабақ барысында қолданылып, нәтижесі оқушылардың экологиялық факторлар туралы білім деңгейінің үлгірімін көтерді,оны бағалық көрсеткішінен көрінді деп айтуға болады. Эксперимент нәтижелері облыстық ғылыми-әдістемелік конференцияларда, жоғары оқу орны оқытушылары қатысқан үш ашық сабақ арқылы әдіскер мұғалімдер назарына ұсынылды.Өткізілген жұмыс түрлерінің электрондық нұсқасы қосымша берілді.



Ұсыныстар:

  1. Оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыруда оларды ғылыми жұмысқа тартудың тиімді екенін ұсынамыз.

  2. Жоғарғы сынып оқушылары үшін инновациялық әдістердің тиімділігі

жоғары екенін ұсынамыз.

  1. Саралап-деңгейлеп оқытудың оқушылардың өз білімдерінің дәрежесін

нақтылауда ең тиімдісі деп есептейміз.

Диссертация бойынша жарияланған еңбектер тізімі.

1.Көбекова.А. «Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары» тақырыбын оқыту әдістемесі. «Атабаев тағлымы» ІІІ. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық оқу материалдар жинағы. 2013ж. 94-96 б.

2.Көбекова.А. «Организмдердің әр түрлілігі және тіршілік орталары» тақырыбын оқыту әдістемесі. «Жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытудың іргелі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, 2013 жыл.

РЕЗЮМЕ
Кобекова Айкумис Султанбековна

6М011300 - Биология


Методы обучения темы «Влияния внешных факторов на насекомых»

по курсу биологии


Объект исследования: Научить, дать оценку антропогенных факторов среды, используя насекомых как индикатора загрязнения окружающей среды.

Цель исследования:

  1. Изучить санитарно-экологическое состояние города Кызылорды.

  2. Изучить влияния экологических условий среды на насекомых.

  3. При изучении главы «организм и среда» научить учащихся поставить эксперименты на определение приспособления к среде обитания насекомых.

  4. Формировать экологическую культуру детей используя результаты эксперимента.

Ожидаемые результаты: С помощью эксперимента сформировать мировозрение об опасности канцерогенных и загрязнающей факторов среды и показать роль наглядных методов при формирований экологической культуры.

Методы исследования: Теоретический, анализ, синтез, империтическое сравнение, обобщение, экспериментальные: косвенно и наглядно вести педагогическое наблюдение, педагогическое опыт, беседа, объяснение, закрепление, промежуточный конроль, сравнительный анализ, математическая обработка результатов.

Апробация работы: Работа апробирована на уроках биологии после проведенных экспериментов исследовательских работ. Результаты данной работы аформлены в виде докладов, тезисов, статей на республиканских научно-практических конференциях, а также на основе их составлены и апробированы методические указания к проведению лабороторно-практических работ по теме «Влияние внешных факторов на насекомых».

Внедрение результатов исследований: Результаты полученных исследований могут быть использованы в качестве вспомогательного материала для формирования экологических знаний по курсу общей биологии.

Практическая значимость работы:

Полученные результаты дают формирования экологических знаний по курсу общей биологии в школе. Они способствуют формираванию заботливого отношения, любви к природе, к окружающей среде.

SUMMARY

6M011300 – Biology

Kоbecova Aikumys Sultanbekovna

Methods of teaching the topic "The influence of external factors on the insects'

at the rate of Biology

The object of the study: Teach to assess anthropogenic environmental factors, using insects as an indicator of environmental contamination.

The purpose of the study:

1. To study the health and environmental condition of Kyzylorda.

2. Study the effects of environmental conditions on the environment of insects.

3. In studying the chapter "organism and environment" to teach students to design an experiment to determine the adaptation to the environment of insects.

4. Form of ecological awareness of children using the results of the experiment.

Research objectives: With the help of an experiment to form a world view of the danger of carcinogenic zagryaznayuschey and environmental factors and to show the role of visual methods for the formation of ecological culture.

Subject of research: Theoretical analysis, synthesis, imperiticheskoe comparison, synthesis, and experimental: indirectly and clearly lead teacher observation, teacher experience, conversation, explanation, consolidation, interim konrolya, comparative analysis, mathematical processing of the results.

Expected results: The work has been tested in biology classes after the experiments conducted research. The results of this work aformleny in the form of reports, theses, articles in national scientific conferences, as well as on the basis of their written and approved guidelines for conducting laborotorno and practical work on "The influence of external factors on the insect."

Methods: Research results obtained can be used as supplementary material for the formation of ecological knowledge on general biology.

Implementation of research results: Research results obtained can be used as supplementary material for the formation of ecological knowledge on general biology.

The practical significance of the work:

These results give the formation of ecological knowledge on general biology in high school. They contribute formiravaniyu caring attitude, love for nature, the environment.




Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет