Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы технологиялар және инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы
6B01505-Биология
мамандығы
СӨЖ №1
Пәні: Химия
Тақырыбы: Химияның негізгі ұғымдары. Атом молекулалық ілімнің негіздері (эссе)
Орындаған:Био 19-3 тобының студенті
Баймұхан Сәбит
Тексерген: Мухашева Р.Д
Ақтау,2021 жыл
Химияның негізгі ұғымдары. Атом молекулалық ілімнің негіздері (эссе)
Мен алғаш сегізінші сыныбымда химия пәнімен танысқанда ең бірінші есте сақталып қалған H2O (су) болатын. Сол кезде ойлайтынмын, химия пәні оңайырақ екен деп. Бірақ химия пәнінде ұғымдар, химиялық теңдеулер жетіп артылатын, сондай күрделі ғылымдардың бірі екен. Дегенмен, олардың ішінде химияның негізгі ұғымдары болады. Химияны оқып-үйрену үшін оның негізгі түсініктерімен таныс болу керек. Химия-бұл жаратылыстану ғылымдарының бір саласы болып табылатын, қоршаған ортаны, заттардың құрамын, қасиеттерін, өзгерістерін зерттейтін күрделі, экспериментпен тығыз байланысты ғылым. Біз білеміз химиядағы ең бірінші орында білуіміз керек термин бұл - химиялық элемент. Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық заттар химиялық элементтерден түзіледі. Ең негізгі ұғым деп химиялық элементті санаймыз.
Әрі қарай біз химияның негізгі ұғымдарына атом, молекула, жай және күрделі заттар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі, элементтердің салыстырмалы атомдық және молекулалық массасы, моль, заттың эквиваленті, эквивалент масса және химияның негізгі заңдарын жатқызамыз.
Бәріміз білетіндей, барлық заттар атомдардан тұрады. Заттар өте кіші бөлшектерден тұратыны туралы атомдық гипотеза ежелгі Грецияда пайда болған болатын. Ал атомдық – молекулалық ілімнің ғылыми негіздері тек 18-19 ғ. да белгілі болды. Химияға сандық зерттеу әдістерін 18 ғ. да М.В. Ломоносов енгізді. Атом-молекулалық ілімнің қалыптасып дамуына М. В. Ломоносов, Дж. Дальтон, А. Лавуазье, Ж. Пруст, А. Авогадро, Й. Берцелиус, Д. И. Менделеев, А. М. Бутлеров секілді ғалымдар зор үлесін қосқан. «Атом» терминін ғылымға Демокрит енгізген. Aтом мен молекула түсініктеріне нақты анықтама беріліп, атом-молекулалык ілімнің негізі 1860 жылы қаланған. Германияның Карлсруэ қаласында химиктердің халықаралық съезінде осы ілім қабылданды. Заттың қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек «молекула» деп белгілі. Ал молекулалар атомдардан тұрады. Молекулалар химиялық реакциялар кезінде бөлінеді, ал атомдар бөлінбейді.
Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын орыс ғалымы М.В.Ломоносов тұжырымдаған болатын, яғни заттардың барлығы молекулалардан тұратынын, ал молекулалар атомдардан тұратынын және олардың үнемі қозғалыста болатынын айтқан.
Сонымен, химия ғылымының негізгі ұғымдарын атап өттік, сондай-ақ, атом-молекулалық ілімге тоқталып өттік. Химияда бұл ұғымдармен қатар тағы да басқа көптеген түсініктер химияның негізін құрайды және біз бұл ұғымдарды түсінбей әрі қарай аттап өте алмаймыз. Шынында, әлемді ғылыми тұрғыдан танып білуде химияның маңызы зор. Химия табиғаттың, қоғамның дамуындағы жалпы заңдарды дәлелдеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |