Химияның стехиометриялық заңдары. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса


егер екі элемент өзара бірнеше химиялық косылыстар түзсе, онда бір элементтің массасы осы қосылыстардағы екінші элементтің массаларына бүтін сандар ретінде қатынасады



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#93138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Химия заңдары дайын

егер екі элемент өзара бірнеше химиялық косылыстар түзсе, онда бір элементтің массасы осы қосылыстардағы екінші элементтің массаларына бүтін сандар ретінде қатынасады.
Еселі қатынастар заңы құрам түрақтылық заңының логика-лық дамуы болып табылады. Осы заңдарға сүйене отырып, Даль-тон бірінші рет химияға элементтің атомдық массасы деген түсінікті енгізді. Оның айтуынша, әрбір химиялық элементтің атомдары бірдей және белгілі массасы болады. Атомның абсолюттік массасын анықтау мүмкін емес, сондықтан Дальтон ең жеңіл элемснт сутектің атомдық массасын бірге теңестіріп, салыстырмалы атомдык масса туралы түсінікті үсынды.
Бірақ, сутек барлық элементтермен реакцияға түсе бермейтіндіктен, сутекті бірлікгі колдану, кейбір қиындықтар туғызды. Сондықтан, 1906ж. атомдық массаның өлшемі ретінде, оттек ато-мының массасы 1/16 тең оттекті өлшемге ауысуға тура келді.
Ал 1961ж. жаңа біртекті атомдык массаның көміртекті өлшемі қабылданды. Атомдық массаның өлшемін көміртекті өлшемге ауыстырудың себебі, оттек атомының үш изотопы ашылды:
16О (99,759%), 170 (0,037%), І8О (0,204%).
Осыған байланысты, екі өлшем бірлігі колданды: физикалық (өлшем бірлігі ретінде І6О атом массасының 1/16 бөлігі) және химиялық (өлшем бірлігі ретінде, табиғи оттектің орташа атом-дық массасының 1/16 бөлігі).
Қазіргі уақытта атомдык массаның өлшем бірлігі ретінде, көміртек атомының ең жеңіл изотопы 12С массасының 1/12 бөлігі қолданады. Химиялық злементтің салыстырмалы атомдық масса-сы - өлшеусіз шама, олар көміртек бірлігімен немесе атомдық масса бірлігімен (а.м.б.) өлшенетін атомдық масса болады.
Атомның массасы көміртек массасы бірлігінің оның салыс-тырмалы массасының көбейтіндісіне тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет