Хирургия және реанимациядағы мейіргер ісі Клиникалық жағдай № 1 Оқиға орны: Үйінде
Шарты: 42 жастағы әйел терезе жуып жатып оң жақ білегін әйнекпен кесіп алды.
Жергілікті: Оң жақ білектің төменгі 3/1бөлігінде көлемі 3,0х1,5см кесілген жарадан алқызыл түсті қан ағып тұр.
Студентке берілетін тапсырма: Артериядан қан кеткенде шұғыл көмекті көрсетіңіз.
Науқасты шалқасынан кереуетке орналастырды. Іс-әрекетті түсіндіріп, келісімін алды.
3
Ширақтың бірінші айналымын шынтақтан жоғары қаттырақ тартып, келесі айналымдары қасына қатарласып түседі.
4
Ширақтың дұрыс салынғанын тексерді. Қан тоқтады, пульс сезілмейді.
5
Ауырсынуды жойды.
6
Жарақат айналасын антисептикпен өңдеді.
7
Залалсыздандырылған дәке салып, бинтпен орап, бекітті.
8
Ширақтың астына қағаз орналастырды: күнін, ширақтың салған уақытын, минутын көрсетті.
9
Ширақ 2 сағатқа қойылды. 2 сағаттан кейін ширақты босатып, қажет болса қайталайды.
10
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
Клиникалық жағдай № 2 Оқиға орны:Спортзалда
Шарты: 20 жастағы ер адам спорттық жарыс кезінде құлап қалды.
Жергілікті: Оң жақ бұғанасының ортаңғы бөлігінде деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, қозғалыстың шектелуі және ауырсыну бар.
Студентке берілетін тапсырма:Бұғана сынғанда шұғыл көмекті көрсетіңіз.
Қадамдар
1,0
0,5
0
1
Пациентке өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады.
2
Пациенттің проблемаларын сұрастырды, тыныштандырды, өткізілетін манипуляцияны түсіндірді, келісімін алды.
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызды. Тері жамылғысына сипаттама берді.
5
Екі бұғананы салыстырды- сынған бұғана жағы төмен тұр. Пальпация жасады (крепитация байқалды).Қолтық астына валик салды. Шынтақ буынынан білекті 90 -қа бүкті. Сау жақтан сынған қолды иық аймақта кеудеге бекітетін екі тур өткізді.
6
Сау жақ қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай тур өткізді. Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті жүргізді.
7
Шынтақ буынды бекітіп, білекке қарай, білезік буынды бекітіп сау қолтық астына бинтті апарды.
8
Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізді. Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті сырғытты.
9
Бұғана толық бекітілгенше бинттің турлары қайталанып отырды. Кеудеде екі бекітетін турмен байламды аяқтады. Байламның шетін түйреуішпен бекітті.
10
Резеңкелі қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
Клиникалық жағдай № 3 Оқиға орны: Көшеде
Шарты: 25 жастағы ер адам сатыдан құлап қалды.
Жергілікті: Оң жақ иығында деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, қозғалыстың шектелуі және ауырсыну бар
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз, шұғыл көмекті көрсетіңіз..
Қадамдар
1,0
0,5
0
1
Пациентке өзін таныстырды, пациенттің аты-жөнін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. Пациенттің проблемаларын сұрастырды.
2
Пациенттің екі иығын салыстырды- сынған иық төмен тұр, деформация, ісіну, патологиялық қозғалыс, крепитация, және ауырсыну бар.
3
Науқасты тыныштандырды. Жүргізілетін манипуляцияны түсіндірді, келісімін алды. Қолын антисептикпен өңдеді, резеңке қолғап киді.
4
Ауырсынуды жойды.
5
Крамер құрсауын таңдады: ұзындығы 120 см, ені 11см.
Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітті.
6
Құрсауды сау қолға салып, білезік буынынан иық буынына дейін өлшеді.
7
Құрсауды сынған буынның аймағында 90 -қа бүкті. Құрсаудың соңғы жағын сынған иықтың артына орналастырды.
8
Зақымданған қолға орташа физиологиялық жағдай берді, білезік сүйегін құрсауда супинация мен пронацияның орта қалпында
орналастырды.
9
Бинттен немесе мақтадан жасалған валикті ауру жақтың қолтық астына орналастырды. Құрсауды иықтың орта бөлігіне дейін, бинтпен спиральді турмен бекіті.
10
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
Клиникалық жағдай № 4 Оқиға орны: Өндірісте
Шарты: Қызметтестерінің айтуынша 10 минут бұрын электрлік жүйені жөндеу барысында электрик ер адам 220 вольт тоқтан зақым алған. Жедел жәрдем шақырды. Соңғы 2 минутта есін жоғалтты.
Объективті: Зардап шегуші ес-түссіз, көз қарашықтары кеңейген, магистральді тамырларда пульс анықталмайды, тынысы жоқ. Оң қолының алақанында және сол жақ шап аймағында I-II дәрежелі күйік бар.
Студентке берілетін тапсырма: Электр жарақатында жедел көмек көрсетіңіз.
Қадамдар
1,0
0,5
0
1
Пациентке жақындамай алыстан әрекет етті. Резеңке қолғапты киді.
2
Ағаштың көмегімен электр көзін ажыратты
Әрі қарай жарақаттанған пациентті электр көзінен ажыратты.
Резеңке қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салды.
Клиникалық жағдай № 5 Оқиға орны:Мектеп медбекетінде
Шарты: 8-ші сынып оқушысысол жақ мұрнынан қан кетуіне байланысты медициналық көмек сұрап келді. Анамнезінде мұрын тамырларының туа біткен жарылғыштығы бар.
Жергілікті: Сол жақ мұрнынан қою қан ағып тұр.
Студентке берілетін тапсырма: Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмекті көрсетіңіз.