Хирургия пəніне кіріспе. Қазақстан Республикасында хирургиялық қызметті ұйымдастыру. Хирургиялық инфекцияның алдын алу. Асептика жəне антисептика əдістері



бет4/5
Дата27.11.2022
өлшемі47,45 Kb.
#160055
1   2   3   4   5
Байланысты:
Õèðóðãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå. ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíäà õèðóðãèÿëû? ?

Энзимотерапия: Қазіргі кезде хирургиялық іріңді қабынуларды, тромбоз ауруларын емдеуде протеолиттік ферменттер (трипсин, химотрипсин, плазмин, папаин, т.б.) кеңінен таралған. Стрептокиназа ферменті плазминогенді белсендіріп, плазминге дейін жетілдіреді. Дезоксирибонуклеаза ферменті дезоксирибонуклеинді, рибонуклеаза- рибонуклеинді деполяризация қалпына келтіреді. Мукополисахаридтерді гиалуронидаза, коллагендерді коллагеназа, эластинді эластаза ферменттері ыдыратады. Гиалуронидаза науқастардың денесіндегі үлкен қолайсыз тыртықтарды емдеуде, олардың сорылуы, жұмсаруы үшін қолданады. Протеолиттік ферменттер жарадағы өліеттерді ыдыратып, іріңге айналдырып, жараны тазартады, жарадағы қан айналымын қалыптастырып, зат алмасу процестерін жақсартып, гипоксия мен ацидозды азайтады. Протеолиттік ферменттер (протеиназалар) антибиотиктердің қандағы концентрациясын жоғарлата түсіп, антибактериалды әсерлерін күшейтеді, сондықтан антибиотикотерапияны энзимотерапиямен қатар жүргізген жөн.
Инфузиялық терапия хирургиялық іріңді инфекцияларды кешенді емдеудің маңызды компоненті болып табылады. Емнің бұл түрі қанды, қанның компоненттерін, қан алмастырушы сұйықтықтарды қолдануды көздейді. Инфузия- трансфузиялық терапия ағзадағы нақтылы орын алған зат алмасу бұзылыстарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Толық құрамды қанды, эритроциттік массаны анемия орын алғанда, айналымдағы қан көлемі азайғанда қолданады. Құйылатын қан, оның компоненттерінің әсері нәтижелі болуы үшін, олардың дайындалған мерзімі үш тәуліктен аспағаны жөн. Қабынулардың ауыр түрлерінде лейкоцитозға қарамастан, лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі төмендеп, 30-50% құрайды (қалыпты жағдайда 60-75%). Лейкоцитарлық формулада лимфоциттер, моноциттердің төмендеуі лейкоциттік массаны құюды қажет етеді: 150 мл. күн ара 4-5 рет. Қан құрамындағы гипо-, диспротеинемияны қалыптастыру мақсатында науқастарға құрғақ, нативті плазма, альбумин құюдан бастап, амин қышқылдары, белок алмастырушы сұйықтықтармен жалғастырады. Су-электролиттер алмасуын, қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті реттеу өте маңызды. Ол үшін әр түрлі электролиттер, натрий гидрокарбонаты ерітінділерін құю қажет және де науқасты белок, витаминдер, көміртегі, микроэлементтер т.б. қоректі заттарға бай тағамдармен дұрыс тамақтандыру керек.
Науқастарды параэнтералды қоректендіру үшін негізінде глюкоза ерітіндісі мен майлы эмульсиялар (интралипид, липофундин) қолданса, пластикалық мақсатпен белокты гидролизаттар, амин қышқылдарының қоспаларын қолданған жөн (3-кестеде көрсетілген, 23бет).
Дезинтоксикациялық терапияның мақсаты науқастың ағзасын токсиндерден және улы заттардан тазарту. Хирургиялық іріңді инфекцияда детоксикациялық терапия іріңдіктерді тіліп ашу, жараны өліеттерден тазарту, дренаждау, протеолиттік ферменттерді, лазер, ультракүлгін сәулелерін, ультрадыбысты қолданудан басталады.
Асқорыту жүйесінде түзілген улы заттарды асқазанға назогастралды зонд қою, тазарту клизмалары, энтеросорбенттер пайдалану арқылы тазартады.
Қандағы улы заттарды тазартуда екі тәсіл қолданады:интракорпоралдыжәнеэкстракорпоралдыдетоксикациялар. Қалыпты жағдайда ағзадағы улы заттар бауыр арқылы өтіп залалсызданып, қалдықтары зәр, нәжіс, тыныс жолдары, тер арқылы сыртқа шығарылады. Осы аталған жүйелердің жұмысын белсендіре алсақ, интракорпоралды детоксикация жақсы нәтиже береді. Бұл мақсатта тиісті мөлшерде, қажетті полиионды электролиттер, глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин, гемодез, полидез препараттары қолданады.
Іріңді хирургиялық инфекцияларда зәр шығаруды белсендіру(форсирленген диурез)интракорпоралды детоксикацияның маңызды тәсілі болып табылады. Науқасқа алдымен көктамыр арқылы 1000мл. Рингер – Лок ерітіндісін, 500мл. 3% натрий бикарбонатын және 400 мл. реополиглюкин құйылады, осыдан кейін көктамырға диуретиктер 1-1,5 г/кг маннитол немесе 40-80 мг. лазикс енгізіледі. 5% глюкоза ерітіндісін құюды жалғастырамыз, барлығы 1000-1500 мл; белоктар, белок препараттары (қанның плазмасы, альбумин, белок гидролизаттары) 1000-1500 мл. Жалпы науқас 4000-5000 мл. сұйықтық қабылдап, 3000-4000 мл. зәр шығару қажет, сағатына орта есеппен 300-400 мл. Белсенді диурез жүргізу кезінде науқастың ағзасында электролиттер, белоктар, қышқыл-сілтілі тепе-теңдік, азот қалдықтары, орталық көктамыр қысымының көрсеткіштеріне мұқият бақылау жүргізіледі. Құйылатын сұйықтықтар құрамына міндетті түрде 40-60 мл. 10% калий хлор, 50 мл. 10% натрий хлор, 30 мл. 10% кальций хлор ерітінділері кіреді. Қажеттілігіне қарай белсенді диурезді бірнеше күн қатарынан жүргізуге болады. Науқастың ағзасындағы некроздық денелер, полипептидтер, протеолиттік ферменттер, иммунды комплекстер сияқты улы заттарды плазмаферез арқылы тазартуға болады. Плазмаферез науқастың қанын центрифуга арқылы өткізіп, улы заттарға бай плазманы бөліп алып, формалық элементтері науқастың көктамырына қайтарылады. Бір процедура өткізгенде 800 мл. плазманы шығаруға болады, оның орнын донордың плазмасын, альбуминін құю арқылы толтырады.
Экстракорпоралды детоксикация тәсілінде науқастың қанын немесе плазмасын арнайы сорбенттер, фильтрлер арқылы өткізіп, улы заттардан тазартады. Ақырғы жылдары асқынған хирургиялық іріңді инфекцияларда (перитонит, абдоминалды сепсис, остеомиелит, т.б.) экстракорпоралды детоксикация мақсатында, науқастың қанын шошқаның донорлық көкбауыры арқылы өткізіп, сүзуді жиі қолдануда. Донорлық көкбауыр науқастың қанындағы микробтарды, токсиндерді сорып қана қоймай, иммундық жүйені, нейтрофилды фагоцитозды белсендіре түседі және қанның формалық элементтерін, белоктарын зақымдамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет