Хирургия пəніне кіріспе. Қазақстан Республикасында хирургиялық қызметті ұйымдастыру. Хирургиялық инфекцияның алдын алу. Асептика жəне антисептика əдістері



бет5/5
Дата27.11.2022
өлшемі47,45 Kb.
#160055
1   2   3   4   5
Байланысты:
Õèðóðãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå. ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíäà õèðóðãèÿëû? ?

Гемосорбция жасауда көмір сорбенттері, роликті насос қолданады. Бір гемосорбцияда науқастың 10л. қанын сорбент арқылы өткізіп, токсиндерден (креатинин, билирубин, мочевина) тазартады. Бұл тәсілдің кемшілігі:орта молекулярлы токсиндер онша азаймайды, белоктар көлемі азайып, формалық элементтер зақымдалады.

Трансфузиялық сұйықтықтар

Трансфузия қажеттілігі































Айналымдағы қанның өзгерістері

Иммундық реакцияларының тежелуі































Гиповоле-мия

ГК дефици-ті

ПК дефици- ті

АБК,ААК дефициті

АHbК дефициті

Іріңді ин-токсикация

Специфика- лық

Бейспеци- фикалық

Су электро-литтер тепе-теңдігінің бұзылыста-ры

Ацидоз

Параэнте- ралды қо- ректендіру




Толық құрамды қан

+

+



+

+


+




Эритроциттік масса

+

+



+







Лейкоциттік масса

+

+






+




Тромбоциттік масса

+

+










Қан плазмасы

+


+

+


+


+

+



Альбумин




+





+



Гипериммунды плазма, спецификалық гаммаглобулин







+





Белокты гидролизаттар



+

+




+



+

Амин қышқылының қоспалары




+







+

Дезинтоксикациялық қаналмастырғыш сұйықтықтар






+






Полиионды ерітінділер












Майлы эмульсиялар









+


+

Глюкоза ерітіндісі










+

+

Бикарбонат ерітіндісі










+



Лимфосорбция тұрақты детоксикациялық нәтиже бергенімен, адам ағзасы лимфоциттерді көп жоғалтады және гипопротеинемия орын алып, иммундық реакция төмендей түседі. Сорбцияға лимфаны кеуде лимфа тамырын дренаждау арқылы алады.
Қан плазмасындағы спецификалық және бейспецификалық иммундық қорғаныс факторлары маңызды орын алады. Бұл факторларды ретикулоэндотелий, плазмалық жасушалар қорытып шығарады. Иммуноглобулиндер микробтарды, токсиндерді желімдеп сүзеді, макрофагтар оларды жояды (фагоцитоз). Иммунотерапия ағзадағы иммундық өзгерістерге сай жүргізілуі қажет. Ағзаның антиинфекциялық қабілеті фагоцитоз процесінің белсенділігіне байланысты. Қалыпты жағдайда фагоцитоз көрсеткіші - фагоцитарлық сан (индекс) 2,5-4,0; фагоцитоз белсенділігі 72,8 ± 1,5% құрайды. Қан сарысуының бактериалды белсенділігі 80-100% аралығында болады. Фагоцитоз қабілетінің жоғары болуы иммунитеттің күштілігін білдіреді. Иммундық жүйенің қабілетін Т- және В-лимфоциттер, иммуноглобулиндер көрсетеді. 1 мл. қандағы лимфоциттердің қалыпты саны 106 құрайды. Т-лимфоциттердің қалыпты көрсеткіші 50-80% немесе 1 мкл қанда 700-1920 клеткалар, В-лимфоциттер 13-30%, 1 мкл қанда 210-810 клеткаларды құрайды. Лимфоциттердің бласттрансформациясы 1000 клеткалар мөлшерінде болады. G – иммуноглобулиннің мөлшері 14 ± 3,4 г/л, А - иммуноглобулин – 2,25 0,5 г/л, М - иммуноглобулин - 1,2 ± 0,4 г/л құрайды. Бұл көрсеткіштер төмен болса иммунитеттің әлсіздігінің белгісі. Ем нәтижелі болса аталған көрсеткіштер деңгейі өседі. Қан айналымында иммунды комплекстердің пайда болуы иммунитеттің бұзылуының белгісі болып табылады. Тактивин және тималин иммундық жүйенің Т-жүйесінің жетіспеушілігінде қолданады, олар Т-киллерлердің функциясын реттеп иммунитетті қалыптастырады. Тактивинді 1-2 мкг/кг дозада, күніне бір рет 5-14 күн тері астына, тималинді бұлшықетке 10-20 мг-нан 4-6 күн қатарынан қолданады. Емнің нәтижесі 10-15 күннен кейін біліне бастайды. Иммунокоррекция мақсатында 150-200 мл. лейкоциттық массаны 3-4 күнде бір реттен 4-6 күн құюға болады. Иммунотерапия белсенді және белсенді емес түрлерге бөлінеді. Белсенді емес иммундық препараттарға гипериммундық антистафилококк, антипротей, т.б плазмалары, стафилококқа, сіреспеге қарсы қолданатын арнайы гаммаглобулиндер және малдың қан сарысуынан алынған гипериммундық газды гангрена, сіреспеге қарсы қолданылатын сарысулар жатады. Бұл дәрілердің құрамында қоздырғыштарды, олардың токсиндерін жоятын антиденелер, антитоксиндер бар. Белсенді иммундық препараттарға анатоксиндер, вакциналар жатады, бұлардың құрамындағы вируленттілігі жойылған микробтар, микробтардың улы әсері жоқ токсиндері (антигендер) әсерінен, науқастың ағзасында антиденелер түзіліп, иммунитетін белсендіреді. Продигиозан, левамизол (декарис), интерферон сияқты препараттар, қан құю, гемосорбция науқастардың иммундық реакцияларын күшейте түседі. Иммунотерапия іріңді процестердің ағымына, кезеңдеріне және науқастың иммундық реакциясына сәйкес жүргізілуі керек. Қабынудың қарқынды кезеңінде белсенді емес иммунтерапия жүргізілсе, ремиссия кезеңінде белсенді иммунотерапия жүргізген жөн. Нақтылы қандай иммунды препараттар тағайындау үшін Т-, В- лимфоциттер саны анықталады. Т-лимфоциттер азайса, науқасқа сау адамның немесе реконвалесценттердің лейкоциттық массасын, тимолин, тимоген, левамизол, интерферон препараттарын қолданған жөн. Иммунитеттің гуморалды факторлары, В-лимфоциттер жетіспеушілігінде гипериммунды плазма, сарысу, спецификалық иммуноглобулиндер қолданады. Иммундық жүйе бұзылып, аллергия орын алса, циркуляциядағы қанда иммундық комплекстердің деңгейі өскен жағдайда стероидты гормондар тағайындалып, гемосорбция жүргізілген жөн.

Асептика – манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан микроорганиздердің енуін ескерту, сонымен бірге зерттеу материалы микроорганизмдердің культурасымен қоректік ортасына лабораториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі. Асептика ғылымын ең бірінші рет неміс ғалымы Бергман 1890 жылы ұсынды. Асептикасыз хирургия жоқ. Микробтарды және олардың спораларын жоқ ету тәсілін стерилизация деп атайды. Стерилизацияның түрлері: күйдіру, қыздыру, қайнату, автоклавқа салу, химиялық тазалау арқылы жүргізіледі. Сұйық затты қысым күшімен жылытуға арналған жабық қазанды автоклав деп аталады.
Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын әдіс, оларды жоюға бағытталған ем, алдын алу шараларының жиынтығы. Ағылшын хирургі Д.Листер Л.Пастердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, 1867 жылы операцияға пайдаланатын құрал-саймандар, хирургтің, операция мейіркешінің қолдары және т.б. микробтан таза болуы керектігін дәлелдеп еңбек жазып шығарды. Микробтардың өсіп-өнбенуіне ол ғалым карбол қышқылын ұсынды. Сондықтан микробтардың өсуіне мүмкіншілік бермейтін химиялық заттарды-антисептикалық заттар деп атайды. Бұл әдісті пайдаланған хирургтар карбол қышқылы адамның клеткаларына зиянын тигізетіндігін, науқасты уландырып, кейде өлімге ұшырататындығын, ал хирургтардың және олардың көмекшілерінің уланып, тістерінен айырылатандығын анықтады. Сондықтан карбол қышқылы орнына сумела, салицил қышқылы, бор қышқылы, көмір қышқылды натрий (сода) және т.б. химиялық заттар пайдаланыла бастады. Антисептиканың әдістері: химиялық, физикалық, механикалық және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық антисептика:Алған жарақаттардың бәрі ластанып, әр түрлі заттар: ағаш, топырақ т.б. және олармен бірге жараға микробтар да түседі. Сондықтан бұндай жарақаттарды микробты (септикалық) жарақат деп атайды. Хирургтар жараны бірінші хирургиялық өңдеу (БХО) деп атап, оған түскен бөгде заттармен бірге микробтарды дер кезінде (6-12 сағат, мойында,баста 12-18 сағат мөлшерінде) алып, жараның іріңдемей жылдам жазылып, науқастың өміріне қатер тудырмайтындығын тәжірибеде дәлелдеп отыр. Физикалық антисептика:Бұл емнің негізгі мақсатыжараға пайдаланған салфетка 10 процент тұз ерітіндісіне малынып салынса, онда тереңде жатқан іріңнің сыртқа жылдамырақ ағуына, шығуына көмектеседі. Кейде іш, көкірек қуыстарына жасалған операцияларданкейін жара іріңдемей жазылуы үшін жіңішке резеңке түтік (микроирригатор) қойылып, ол арқылы тәулігіне бір рет антибиотиктер жіберіліп отырады. Биологиялық антисептика: Микробтарды биологиялық тәсілмен жоюдың түрлеріне бактериофактарды, антитоксиндерді, емдік сарысуды, ағзаның күш-қуатын күшейтетін дәрі-дәрмектерді, белоктарды ажырататын ферменттерді және антибиотиктерді пайдалану жатады. Науқастың иммунитетін көтеру үшін қан, ваксина, плазма, иммуногобулин дәрілері беріледі. Протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, эластаза т.б.) іріп-шіріген тканьдардыерітіп жібереді. Жараның олардан жылдам тазалануына үлкен көмек береді және антибиотиктердің күшін ұлғайтып, ал микробтардың ұрық шашып, өсіп-өнуіне кедергі келтіреді. Профилактикалық кезеңінің әкімшілік медико-санитарлық шаралар, инфекциялық таралудың жоғарлауын жасамау. Ең негізгі орныдалулары. Қоздырғыштың таралуы мен патологиялық ошақтары құрамына дезинфекция, дезинсекция, дератизация, іс-шараларын қолдану. Дезенфекциялық — сыртқы орта объектілерінде қоздырғыштардың жоюға бағытталған комплексті жинақ. Дезинфекцияның негізгі бағыты — инфекцияның берілу механизмі үзу болып табылады. Дезинсекция – инфекция және паразитарлық аурудың туғызатын қоздырғыштарды тасымалдайтын тасымалдайтын буын-аяқты кенелер, жоюға бағытталған қойылатын шаралар. Дератизация – инфекциялық және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауын кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар. Инфекциялық аурулармен күресудің келесі жолы – қабылдағыш организмге жүргізілген іс-шаралар. Организмнің инфекциялық ауруларға қарсы профилактикасы, жасанды иммунитет қалыптастыру арқылы жүргізеді. Активті жасанда иммунитет қалыптастырудың вакцинаны қолдану, ал жасанды пассивті иммунитеті қалыптастыру үшін сарысуларды қолданады. Салауатты өмір салтын қорғау – еңбек гегиенасы, демалыс гегиенасы, жеке бас гегиенасы, денешынықтырумен айналысу, спорт туризм, зиянды әдеттермен күресу, шынығу, дұрыс тамақтану маңызды орын алады. Ішкі инфекция – жараға ағзаның өзіндегі қоздырғыштардың өсіп-өнуіне байланысты түседі. Инфекцияның көзі тері мен кілегейлі қабық (сыздауық, іріңді жаралар, терідегі жарықтар, сызаттар, күстер, коньюктивит, ринит, т.б.) болып табылады. Сонымен бірге қоздырғыштар операциялық жараға одан қашықта орналасқан аймақтардан ығысып түсуі де мүмкін. Олар қан арқылы немесе лимфа жүйесі бойынша түсуі мүмкін.Мысал ретінде, шіріген тістегі, ЛОР – мүшесіндегі, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріндегі инфекцияны айтуға болады. Кез-келген операция ағзаға және жүйке жүйесіне үлкен физикалық салмақ түсіреді. Әсіресе жүйке жүйесіне үлкен күш түседі. 
Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін жөне кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұкпасынын алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі кабатына тиетін нөрсенін барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену кажет), сондай-ақ жарага түскен микробтарды барышпа өлсірету кажет. Жара жүқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың өр алуан төсілдері қолданылады.
Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұкпасынан сақтандыру өдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нөрсенің бөрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға қол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркылы стерильдеу) және кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сөулелену пайдаланылады.
Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.
Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:
• механикалық (жұқпа түскен жараны алғашкы хирургиялық өндеуден өткізу, яғни микробтар мен өлітіндердіалып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойьш кесу):
• физикалық (жараға ылғал тартқыш макта-дөке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дөкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудің ашык өдісімен кептіру).
Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз жөне тіндердің ыдырау енімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.
химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен кебеюін басып тастайтын жөне бактерицидті өрекеті — олардың елуін қамтамасыз ететін антисеп-тикалық заттар колдану).Антисептика дегеніміз – жарадағы және жалпы организмдегі микробтарды жоюға арналған емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. Антисептиканың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық түрлерін ажыратамыз.
Механикалық антисептика дегеніміз – жараның біріншілік және екіншілік хирургиялық өңдеуден немесе жараны жуудан тұрады. Жараны өңдеудің түрі жарақат алудың уақытына байланысты. Операционды бөлмеден тыс болған жаралардың барлығы шартты инфицирленген болып есептеледі. Микроорганизмедер жарақаттан кейінгі 6-8 сағат ішінде жара беткейінде, ал содан соң лимфа тамырлары бойымен сау ұлпаларға тарайды. Сондықтан алғашқы 6-8 сағат ішінде біріншілік хирургиялық өңдеу жасау керек. Ол жараның шеттерін кесіп, қан тоқтатып, жараны антисептикалық ерітінділермен жіып, тігіс салудан тұрады. Іріңденген жараларда өліктенген ұлпаларды антисептиктермен жуады. Бұндай жараларға тігіс салуға болмайды. Олар өздігінен грануляцияланып жарылады немесе жара тазарғаннан соң екіншілік хирургиялық өңдеу жасалады.
Физикалық антисептика дегеніміз – физикалық әсер ету арқылы микроорганизмдердің дамуына қолайсыз жағдай жасау, яғни оларды өлтіру. Физикалық антисептиканың негізгі мақсаттарының бірі жарадан бөліністердің ағып кетуін қамтамасыз ету. Ол үшін марлілі салфеткалар, әртүрлі дренаждар қолданылады. Сондай ақ, физикалық антисептикада құрғату, ультрафиалет шамдарымы, кварц шамдары т.с.с қолданады.
Химиялық антисептика дегеніміз – ағзадағы және жарадағы микроорганизмдерді химиялық заттармен жою. Химиялық антисептиктерді жергілікті, энтеральды және парентеральды қолдануға болады.
Биологиялық антисептика дегеніміз – бұл биологиялық заттар арқылы микроорганизмдерді жою, немесе олардың өсіп өнуіне қолайсыз жағдай жасау.Кейбір биологиялық заттар микроорганизмге кері әсер етсе, басқалары организмнің оларға қарсы тұруын күшейтеді, ал үшіншілері жарақаттанған ұлпаларға әсер етіп, оларды ерітіп, жараның тазаруын жылдамдатады (сары сулар, вакциналар, витамин, ферменттер).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет