Операциядан кейінгі жəне
рецидивтеуші жарықтар
Орындаған: Жантілесова А А
Курс: 4 курс
Группа: 415-А
Мамандық: Жалпы медицина
казахстанско
-
российский
медицинский
университет
Жоспар
І
. Кіріспе:
ІІ. Негізгі болім:
Жарықтар
Операциядан кейінгі жарықтар
Себебі, клиникалық көрінісі
диагностикасы, емі
1.
ІІІ.Қорытынды:
Іш жарығы
Іш жарығы ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Сыртқа жарық деп іш
перденің париеталды жапырағымен жабылған құрсақ қуысы мүшелерінің
құрсақ қабырғасының ақауы тері астына шығуын айтады. Ішкі жарық деп
ішкі мүшелердің байлам не құрсақ қалталарының тесіктеріне сонымен қатар
көк еттің (диафрагма) туа біткен не жүре пйдп болған тесіктері арқылы
өтуін айтады.
Себебі: 1. Бұлшық ет қабығының əлсіздігі; 2.құрсақ қысымының көтерілуі;
3.нервтелуінің бұзылуы (нарушение иннервации); 4.құрсақ қуысының
дұрыс дами алмауы туа біткен жарықтар.
Орналасуына қарай: шап, сан, кіндік, іштің ақ сызығы, бітеуші
(запирательные), отырықшы (седалищные) жарықтар деп бөлінеді.
Жарықтық:
1.
жарық қақпасы
- жарық құрамы өтетін тесігі;
2.
жарық қабы
-жарық есігі арқылы өтіп ,ішкімүшелерді қаптайтын іш
перденің париеталды жапырағының бір бөлігі;
3.
жарық құрамы
- көбінесе
жіңішке ішек жəне шарбы болады.
•
Қысылған жарықтар (ущемленные грыжи) деп жарық қақпасының
спастикалық жиырылуынан қысылуын айтады.
Қысылғанда қан
айналымы бұзылады, ол іскіліске əкеліп, қысылған мүше өліп, жылқыққа
экссудат айналады.
•
Бұл жағдайларда жарық қабының айналасындағы ұлпалар қабынады:
тері қызарады, жергілікті ыстық (температура)сыртына пайда болады,
тіндер тығыздалады, ауыру сезіну ұлғайады, жарық төмпешігі
тартылған(растянуто) кернелген (напряжено).Ішкі ілмегі қысылса, іш
жүрмейді
•
Емі
. Жедел операция.
•
Жарық қабын ашып, жарық құрамын ыстық физиологиялық ерітіндіге
батырылған дəкелермен орайды, қысылған жарық қақпасын кеседі. Егер
ұлпалар өмір сүру қабілеті орнына келмесе, жарық құрамын кесіп
тастайды. Жарық шыққан ақау жер жалпы тəсілмен қапсырып тігіп
тасталынады.
Жарық құрамы – жарық қапшығы ішінде орналасқан ішкі ағзалар.
Оларға үлкен шарбы май, ащы ішек, сигма ішек, құрт тəрізді өсінді енуі
мүмкін, көбіне оған қозғалмалы ағзалар енеді: үлкен шарбы май, ащы
ішек, сигма ішегі, құрт тəрізді өсінді. Жарық құрамы құрсақ қуысына
қайта оңай енеді (енетін жарық), кейбіреулерінің бір бөлігі ғана енеді
немесе мүлде енбейді (енбейтін жарық
)
.
Достарыңызбен бөлісу: |