Операциядан кейінгі жəне рецидивтеуші жарықтар



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата01.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200435
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХИРУРГИЯ жарықтар

Этиологиясы:
Жарықтың дамуына əкелуші факторларды бейімдеуші жəне тудырушы 
деп бөлуге болады. Бейімдеуші факторларға тұқым 
қуалаушылық,(мыс:нəрестелердің алғашқы жылында құрсақ 
қабырғасының əлсіздігі, қарт адамдардағы құрсақ қабырғасы 
тіндерінің атрофиясы) жынысы (əйелдер жамбасының құрылым 
ерекшелігі жəне сан сақинасы көлемінің үлкен болуы), іш 
қабырғасының жарақаты, жүктілік кезіндегі құрсақ қабырғасының 
созылуы, құрсақ қуысына операция жасау, семіздік жатады. 
Тудырушы факторларға құрсақ ішілік қысымының көтерілуі жатады. 
Оған ауыр жұмыс, қиын босану, зəр шығарудың қиындауы, іш қату, 
ұзақ мерзімді жөтелу.


Классификациясы
Анатомиялық орналасуына байланысты:
Медиальды- ортаңғы, төменгі ортаңғы, жоғарғы ортаңғы
латеральды – оң жақты, сол жақты, төменгі шет жақты, жоғарғы шет жақты
Көлеміне қарай:
Кіші көлемді- 4см дейініштің сыртқы пішінін өзгертпейді;
Орта көлемді—5-15 см іштің бір ғана бөлігін алып жатады:
кеңейген —15-25 іштің үлкен көлемін алып жатады
алып —25тен көп іштің бірнеше бөлігін алып жатады.
Типіне қарай:
Түзетілетін жарық — операциясыз түзетуге болатын жарық;
Түзетілмейтін жарық —оперативті жарықты қайта тігумен жүзеге 
асырылады;
біркамералы;
көпкамералы.


Клиникалық көрінісі:
Іштің бір бөлігінде немесе операция орнындағы тыртықта 
томпаюдың пайда болуы. Формасы домалақ, сопақ пішінді 
болуы мүмкін.
Пациент оны өзі қайтадан ішіне кіргізе алады, пациент орнын 
ауыстырса жоғалып кетуі мүмкін.
Тері асты май қабаты жоғары дамыған адамдарда байкалмауы
мүмкін.
Жөтелгенде, іштің тік бұлшық етін қатайтқанда томпаю пайда 
болады.
Киім киген кезде ауыру сезімі болуы мүмкін
Кейде жүрек айну, құсу болады
Ішек жұмысы бұзылады(іш қату, іш кебу)


Диагностикасы:

Науқасты тік тұрғызып жəне жатқызып тексереді. Вертикаль жағдайда 
тексергенде бұрын көзге көрінбейтін жарықты науқастарды күшендіргенде 
немесе жөтелдіргенде анықтайды, егер де үлкен жарық болса, оның 
ұлғайған пішінін анықтайды. Жарыққа перкуссия жасағанда, егер де жарық 
ішінде газға толы ішек имегі болса, тимпаникалық дыбыс, ал үлкен шарбы 
май немесе газсыз ағза болса, тұйық дыбыс естіледі.
ž
Пальпация жасағанда жарық құрамының консистенциясын анықтайды 
(ішек имегі – тығыз эластикалық консистенциялы əр бөліктерге бөлініп 
тұрса – үлкен шарбы).
ž
Науқастарды горизонталь жағдайда тексергенде жарықтың түзелуін 
анықтайды.Үлкен жарықтарды түзету кезінде ішек шұрылына тəн 
шуылдарды естуге болады.
ž
Жарықты ішке түзеткен соң саусақпен жарық қақпасының көлемін, пішінін 
анықтайды. Науқасты жөтелдіргенде тексерушінің саусағы іш перденің 
жəне ағзаның итерген толқынын сезеді – оны “жөтел түрткісі” симптомы 
деп атайды. Науқастарға міндетті түрде құрсақ қуысы ағзаларының жалпы 
шолу рентгенографиясын, жылжымалы жарыққа күдіктенгенде қуықтың 
контрастты рентгенографиясын жасау керек. 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет