Операциядан кейінгі жəне рецидивтеуші жарықтар



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата01.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200435
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХИРУРГИЯ жарықтар

Шаптан болған жарықтар.
Шап жарықтары үлкен адамдарда жиі кездеседі. Олар көбінесе 
ер адамдарда болады. Пайда болуына қарай олар туа және жүре пайда болған шап 
жарықтары деп екіге бөлінеді. Шап каналы элементтеріне байланысты олар қисық, қия 
және түзу жарықтар болып бөлінеді. Шап жарығы бар жағында және екі жағында болуы 
мүмкін.

Қисық, қия шап жарығы жиі кездеседі
. Шап каналының ішкі тесігінде іш пердесінің 
томпаюынан басталып, ол ұрық бауымен (семенной канатик) қатар жүреді және онымен 
бірге шап каналының сыртқы тесігі арқылы шығады. Ер адамдарда жарық үлкейе келе 
ұманың қабына, ал әйелдерде үлкен жыныс еріншесіне түсуі мүмкін.

Жүре болған жарықтар, оның қалташасына ұрық бауы жәнее жұмыртқадан өз алдына 
бөлек жатады. 

Клиникалық көріністері.
Енді ғана басталған қисық шап жарығында томпақтың шап 
каналына кіретін жерде орналасады. Науқас ауыр жүк көтергенде сырқырап 
ауыратындығына шағым етеді. Шап каналына сыртқы тесігі арқылы саусақ ұшын сұққанда 
науқас жөтелгенде оған сәл соғылу сезімі білінеді. Толық түспей, тек қана каналдың ішіне 
орналасқан жарық оны томпитып тұрады. Толық қисық шап жарығының томпақтығы шап 
каналының сыртқы тесігіне айқын шығып тұрады немесе ұма қалтасына түседі. 

Жарықтың ішіндегілері әдетте науқастың жатқан жағдайында да өз бетімен ішке 
қайтпайды. Әдетте жарықты орнына салу, жарықтың ішіндегілерді қолмен басып 
салынады.

Емі.
Жүрек, қан тамыр жүйесінің айтарлықтай бұзылған болса, жасы үлкен адамдарға 
операция жасау мүмкін болмаса жарықты тартып тұратын ерекше белбеу (бандаж) 
пайдаланылады. Жарықтың негізгі емдеу түрі операция болып табылады.



Тік шап жарығы. 
Бұл шамамен жарықтардың ішінде 5-10 процент 
кездеседі. Бұндай жарықтар көбінесе қарын қабаты әлсіздіктен, жасы 
үлкен адамдарда жиі кездеседі.

Тік шап жарығы шап каналының артқы жағын азғантай томпитып 
басталады және оның сыртқы тесігі арқылы шығып тұрады. Іш 
пердесімен шықса сірі қабық (фасция) томпайып шығады, ол 
жарықтың қалтасының сыртынан қапталып тұрады. Осыған 
байланысты тік шап жарығы әдетте ұмаға немесе жыныс еріндеріне 
түспейді. Тік жарыққа сырғанаушы жағдай тән болады және бұнда 
жарық ішіндегілер, зәр қалтасы, соқыр ішек, кейде зәр аққыш болуы 
мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет