Операциядан кейінгі жəне рецидивтеуші жарықтар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата01.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200435
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХИРУРГИЯ жарықтар
Жумаканова Рабига 723, 6 тема, ТШИ 19-14 Ізімбергенова Гүлнұр СРСП (копия) (копия), Карина 3, Карина 4 тақырп, АС ҚОРТУ
Клиникалық көрінісі.
Көбінесе жарықтар екі жақты болады. Жарық 
томпағы, домалақ, шар тәрізді түрде болады. Жұмыртқа бауы 
жарықтың сыртында жатады.

Емі.
Ең тиімді ем операция болып есептеледі. 




Сан жарықтары.
Шап жарықтарымен салыстырғанда, едәуір сирек 
кездеседі. Сан каналындағы, көбінесе сан көктамырының ішкі 
жағындағы сан-қасаға сіңірі (пупарта) байламының төменгі жағында 
шұңқырда орналасады. Сан жарығы көбінесе жамбастың едәуір кең 
болуына, оның айырықша қиялануына, сопақ тесіктердің көлемінің 
үлкеюіне, сондай-ақ қарын ішінің қысымының ұлғаюына 
байланысты, әйелдер арасында жиі кездеседі.

Клиникалық көрінісі.
Санның қасаға сіңірінен төмен пайда болған 
кішкене томпақтықпен сипатталады. Кейде осы жерде ауыр сезімі, 
жел шықпау, үлкен дәреттің болмауы байқалады. Орнына 
салынбатын жарықтарда оның ішіндегілер көбінесе шарбы болып 
келеді.

Емі.
Тек қана операциялық жол болып есептеледі. Қысылып қалуға 
бейімділігі бар жарықтарда мүмкіншілігінше тезірек операция 
жасалынады. Сан қуысын жабу үшін сан қасаға сіңірін купер 
байламына және айдар тәрізді бұлшық ет сіңіріне тігіледі.



Кіндік жарықтары.
Бұл көп босанған әйелдерде жиі кездеседі. 
Көбінесе 40 жастан асқан адамдарда болады. Томпақтықтың үлкен-
кішілігі әр түрлі болып грек жаңғағының үлкендігінен баланың 
басының үлкендігіндей болады. Үлкен жарықтарда оның қақпасы 
болып қоймай қарынның барлық ортаңғы сызығы даболуы мүмкін 
(қарынның бұлшық еттерінің диастазы)

Клиникалық көріністері. 
Кіндіктің аймағындағы томпақтықтан басқа, 
бұл жерде ауыру сезіледі. Томпақтық әдетте түрегеліп тұрған жағдайда 
пайда болады, жатқанда жоғалып кетеді. Ішектер орамдары 
қысылғанда ішектің жүрмей қалуының клиникалық сипаты 
байқалады.

Емі. Кейде бандаж байлап жүрген көмек береді. Ең тиімді емі 
операция болып есептелінеді. Жарықтың қақпаларын жабу, сіңір 
шеттерін қосып тіге немесе сіңірдің бір шетін екіншісінің үстіне салып 
(дупликатура) Сапежко-Мейо жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет