«Сүт бездеріне таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: Таңғышты бекіту.
Көрсетілім: мастит, жарақат, сүт бездері күйіктерінде ота жасау.
Қоры: ені 20 см дәке, қайшы.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
2.Таңғыш ұшын сол қолыңызға, басын оң қолға алыңыз.
3.Сүт бездері үстіне екі бекітуші айналым жасаңыз.
4.Таңғышты қолтық астынан арқаға қарай алыңыз.
5.Таңғышты қарама-қарсы иыққа сүт бездерінің астыңғы жағынан алып бекітіңіз.
6.Таңғышты арқадан қолтық астына жүргізіңіз.
7.Сүт бездерінің үстінен алып, таңғышты сау сүт безі жақтағы қолтық астына өткізіңіз.
8.Сүт безі толық қамтылып жабылғанша ораңыз.
9.Сүт бездері үстінен екі бекітуші айналыммен таңуды аяқтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |