НАУҚАСТЫҢ АТЫ-ЖӨНІ:. ТӨЛЕГЕНОВ НҰРСҰЛТАН ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ, ЖЫЛЫ: 14.11.2010 ЖАСЫ: 13 ЖЫНЫСЫ: ЕР ҰЛТЫ: ҚАЗАҚ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: КӨКТЕМ 87 ТҮСКЕН КҮНІ: 03.11.2023 Ж. УАҚЫТЫ: 20:10 ӨЗІ КЕЛДІ
Шағымдары: Науқас оң қол шынтақ буыны аймағының ісінуіне, ауырсынуына, қимыл-қозғалыстың шектелгеніне , мазасыздануға шағымданады.
Anamnez morbi: Науқас айтуы бойынша 03.11.2023ж түскі уақыт шамасында дзюдо үйірмесінде абайсызда оң жағымен құлап қолын ауыртып алған. Қатты ауырсынудың, мазасыздықтың болуына байланысты әке шешесі 03.11.23ж сағат 20:10 да КДО ХҚТУ жараақат бекетіне өздері алып келді.
Anamnez vitae: Туберкулез, гепатит, тері және венерологиялық аурулары,Боткин ауруларын теріске шығарады.
Аллергиясы жоқ
Екпелік статус: жасына сай қабылдаған .
Status preasens:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық,тері және шырышты қабаты таза. Жүрек тондары қалыпты.АҚ 120/80 мм.сын.бағ. PS=80 . Екі өкпесінде симметриялы везикулярлы тыныс және сырыл жоқ. ТАЖ-17. Үлкен және кіші дәрет бұзылмаған, t=36.4С.
Status localis:Қарап тексергенде оң қол шынтақ буынында аздаған ісіну белгілері бар. Шынтақ буынын пальпациялағанда ауырсыну сезіледі. Крепитация естіледі. Шынтақ буынында қозғалыс жартылай шектелген, саусақ ұштарында сезімталдық сақталған. Шынтақ буынында жұмсақ тіндер зақымдалмаған.
Жасалынды:
Дәрігерлік қарау, гипс
Рентгенография 2проекцияда(қырынан,тік): Шынтақ сүйегінің басы қиғаш ығысусыз сынған. Сүйек жасына сай жетілген
Тағайындалды:
1)Мекен-жайы бойынша дәрігер қарауында болу.
2)Гипс салғаннан кейін, қысып мазалап жатса, бинтті бос қылып таңуға болады
3)Қимыл қозғалысты шектеу
4)Ауырсыну болып жатса анальгетиктер қабылдау.
5)Дзюдо үйірмесіне 3 ай уақыт қатысуға болмайды
6) Кальций препараттарын қабылдауға болады