Су алмасуының бұзылуының түрлері
Су мен электролиттер алмасуының барлық бұзылыстары екіге бөлінеді:
гипергидратация
изосмостық
гипосмостық
гиперосмостық
гипогидратация
Гипогидратация Гипогидритация немесе сусыздану: - организмнің сусыздануы организмге су жеткіліксіз түсуінен - судың организмнен тым артық шығарылуынан немесе бұлардың біріккен әсерлерінен болуы мүмкін. Сусыздану нәтижесінде: - қан қоюланады, - айналымдағы қанның көлемі азаяды, - артериялық және веналық қысымдар төмендейді, - қан айналымның жылдамдығы баяулайды. Гипогидратация түрлері - Изомостық гипогидрация (лат. Hypo – аз, төмен, hydor- су) су мен тұздардың біршамадай азаюынан дамиды. Бундай жағдай полируя, диспепсия кездерінде және қан кетуден байқалуы мумкін. Бұл кезде негізінен жасуша сыртындағы сұйыұық азайады.
- Гипосмостық гипогидрация тұздардың судан басымырақ шығарылуынан дамиды. Организмнен тұздардың артық шығарылуы оның сусызлануына әкеледі. Ішек – қарын жолдарымен қайта-қайта құсу немесе іш өту (гастроэнтритте, жүкті әйелдердің уыттанулары ж.б.) кездерінде . Бүл кездерде организмнің қышқылдық –негіздік үйлесімдігі бұзылады. Асқазанның сөлі сыртқа көп шығарылудан көптеп хлор мен сутегі иондары жоғалады да, организде алкалоз дамиды. Ал, ұйқы безі мен ішектердің солдерімен көп натрий иондары шығарылады. Осыдан келіп ацидоз дамиды.
- Гиперосмостық гипогидратация судың электролиттерден басымдық шығарылуы. Бұндай жағдай терең тыныстың жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан жане қантсыз диабет ж.б. кездерінде полиуриядан дамуы мүмкін. Бұл кезде жасуша сыртындағы сұйықтың көлемі азайады, онын осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның сыртына ауысады. Жасушаның сусызданууы қатты шөлдеу сезімін шақырады. Тіндік нәруыздардың ыдырауын кушейеді, дене қызуын көтереді, кейде сана- сезімінің болмауына, кома дамуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |