- Кептеген бүліністердің соның ішінде, өмірге қауіпті жағдайлардың себебі болып электролиттер алмасуының бұзылыстары есептеледі. Электролиттер осмостық қысымды, қышқылдық-негіздік жағдайды, судын жасушалық және жасуша сыртындағы кеңістіктер арасыида бөлінісін қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысады. Электролиттер алмасуы зат алмасудың басқа түрлері — нәруыздар, көмірсу, энергия, медиаторлар алмасуымен өзара тығыз байланысты.
Түрлері - Гипернатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 145 ммоль/л-ден жоғары болуы.
- тұзды артық қабылдағанда
- натрийдың организмнен шығарылуының бұзылуы кезінде, мысалы бүйрек қызметі төмендегенде
- әльдостерон артық түзілгенде кездеседі,
- Гипонатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/лінен төмен болуы:
- тағаммен натрий хлориді аз түскенде, мысалы, ашығу, түзсыз емдеу кездерінде кездеседі
- натрийді көп жоғалтқанда, мысалы, несеп, тер немесе ішек сөлі арқылы;
- әльдостерон аз түзілгенде (Аддисон ауруы)
- сульфаниламидтер және олардың туындылары — салуретиктерді (диакарб, дихлотиазид) ұзақ мерзім бойы қабылдағанда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |