2. Операциялардың орындалу мерзіміне байланысты жедел, шұғыл және жоспарлы операция болып бөлінеді. Жедел операциялар науқас хирургиялық бөлімшеге түскен соң алғашқы сағаттар ішінде тез арада жасалады. Әдетте, жедел операция алғашқы 2 сағат ішінде жасалуы тиіс деп санайды. Жедел жасалатын операцияларға науқастар түскеннен кейінгі алғашқы минуттар ішінде науқас өмірін сақтау үшін реанимациялық шаралар да (трахеостомия, клапандық пневмотораксті ашық пневмоторакске айналдыру, сыртқы-ішкі қатты қан кетуді тоқтату) жатады.
Шұғыл операциялар науқас ауруханаға түскен соң алғашқы тәулік ішінде жасалады. Бұл операциялар, науқасқа диагноз қою, қосымша дерттерін анықтау және операцияға дайындау үшін қажетті, шектеулі мерзім ішінде жасалады. Осындай операциялар деструктивті-қабыну дерттеріне жасалған консевративтік ем нәтиже бермегенде, қан кету қайталанған кезде, механикалық сарғаю кезінде жасалады.
Жоспарлы операциялар — бұл операциялардың жасалу мерзімінің операцияның ақырына әсері жоқ және науқастың келісімі бойынша операция жасау мүмкіндігі бар болғанда жасала береді (обырды алып тастау, жарықты кесу).
3. Хирургиялық операциялар паталогияны жоюға қажетті мерзімге байланысты бір- көп мезеттік операциялар болып бөлінеді.
Бір мезеттік операциялар деп бірнеше этаптан тұратын бір операция арқылы науқасты айықтыруды айтады.
Көп мезеттік операциялар кезінде негізгі патологияны жою бірнеше этапқа бөлшектенеді.
Операцияны бұлай бірнеше этапқа бөлшектеудің негізгі үш себебі бар:
Қайта жасалатын операциялар — сол патология немесе оның асқынуларына байланысты қайта жасалатын операциялар. Операциядан кейінгі ерте, жуық кезеңдерде жасалатын операциялар атауына ре- деген қосымша жалғанады: ралапаротомия, реторакотомия, реампутация және т.б.)