Операциядан кейінгі кезең Операциядан кейінгі кезең — операция аяқталған сәттен бастап, науқас толық жазылып еңбекке жарамды болғанға немесе еңбекке жарамдылығы толық жойылғанға (мүгедектік) дейінгі аралықтағы кезең.
Операциядан кейінгі кезеңнің маңыздылығы осал емес. Атап айтатын болсақ, осы кезеңде науқасқа күтім аса қажет. Осы кезеңде операцияға дайындық кезінде, операция үстінде жіберілген кемшіліктер әртүрлі асқынулар түрінде көрініс бере бастайды.
Операциядан кейінгі кезеңнің негізгі мақсаты — науқас организмінде жүріп жатқан регенерация, адаптация процестеріне қамшы болу, пайда болған асқынуларды дер кезінде анықтап, олармен күресу.
Операциядан кейінгі кезең бірнеше бөліктен түрады. Б.В. Петровский мен Р.Н. Лебедеваның өзгертілген калссификациясы ыңғайлы:
Операциядан кейінгі жуық кезең — 2 сағатқа дейінгі кезең;