1. Тіндерді ажыратуға арналған құрал-саймандар:
1. Yшкip қандауыр (скальпель),
2. Бауырлы қандауыр,
3. Үшкір тік қайшы,
4. Купер қайшысы,
5. Кан тамырға арналған қайшы.
2.Қосымша аспаптар:
1. Тісті қысқыш (пинцет)
2. Хирургиялық қысқыш,
3. Анатомиялық қысқыш,
4. Кохер суңгісі,
5. Науалы суңгі,
6. Фарабеф ілмегі,
7. Көп тісті ілмектер
8. Корнцанг ( басы иілген ұзын сапты қысқыш)
3. Қан тоқататын қысқыштар және тігіс салатын инелер:
1. Кохер қысқышы,
2. Бильрот кысқышы,
3. Москит қысқышы,
4. Дешан инесі (оң және сол),
5. Әр түрлі -имек, кескіш, үш бұрышты инелер
4. Тіндерді қосуға арналған аспап-саймандар:
1. Гегар ине ұстатқышы,
2. Жұмыр ішекке арналған ине,
3. Ұш бұрышты кескіш ине,
4. Атравматикалық ине,
5. Мишель ілмектері (скобасы)
Құралдарды залалсыздандыру(стерильдеу)
Хирургиялық құралдарды залалсыздандыру термиялық, химиялық және радиациялық тәсілмен жүргізіледі. Емдеу-профилактикалық мекемелерде залалсыздандыруды негізінен булайтын немесе ауамен тазартатын аспапты қолданып термиялық тәсілімен жүргізеді.
Құрлдарды залалсыздандыру және температурасы мен уақыты:
бумен - металдан жасаған құралдарды - 132°С-та 20 минут;
бумен - резеңкесі, ақсөлі (каучук) бар құралдарды - 120°С-та 45 минут;
құрғақ ыстық ауамен - 180-160°С-та жасалынған материалына байланысты 60-150 минут.
Жараға тимеген құралдарды дистилденген судың өзімен немесе натрий бикарбонаты қосылған қосапсымен 30 және 15 минут дезинфекциялайды.
Ыстыққа төзімсіз және термиялық өңдеуден кейін қасиеті өзгеріске ұшырайтын құралдарды химиялық тәсілмен (6 проценттік сутек тотығы ерітіндісінде) залалсыздандырады.
Залалсыздандыру алдында әр құралдың дұрыстығы тексерілуі қажет.
Құралдарды тазалу және өңдеу
Құралдар пайдаланғаннан кейін дұрыс өңделіп, тазалануы қажет, оларда жабысқан қан құрамында микробтар, жұқпалы вирустар тіпті залалсыздандырғаннан кейін де сақталып қалуы мүмкін. Сондықтан оларды ұқыпты тазалаудың маңызы өте зор.
Құралдарды өңдеу және тазалау барысы:
алдымен 20-25°С тотықтар ингибиторына 60 минутқа батырып қояды;
уақыты өткен соң ағып тұрған сумен шаяды;
одан кейін 40-50°С 0,3 -0,5 проценттік жуғыш затқа салып жібітеді;
жібіген соң сол ерітіндіде ысқышпен жуады;
жуып болғаннан кейін 3-10 минут ағынды сумен, 0,5 минут дистилденген сумен шаяды;
соңында 85°С-та кептіреді.
Хирургиялық құралдар хирургиялық шкафтарда сақталады. Сақталу барысы әр құралдың нұсқауы бойынша қадағаланып, тиісінше күтіліп ұсталынуы тиіс.
Операциялық медициналық бике міндеттері
Операциялық медициналық бике - жасалатын операция түріне байланысты қажетті стерильдеуден өткен таңу материалдарын, хирургиялық құралдарды және жабындыларды, дәрілерді алып, дайындайды;
асептик және антисептик ережесін қатаң сақтау;
операциялық бөлменің ауасының ережеге сай болуын қадағалау;
ауруды операцияға дайындайды, операция жасауға қатысады ( құралдар мен материалдарды беріп тұрады), операциядан кейін ауруды палаталық медициналық бикеге жеткізіп, тапсырады;
дәрігер бақылауымен ауруға таңу жасайды, гипстік таңуларды дайындайд
Достарыңызбен бөлісу: |