Ходжаева А. С. Тобы: т-521 Семей, 2017жыл Жоспары



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі239,56 Kb.
#122303
  1   2   3
Байланысты:
ccfdb0fc-d431-11e7-8fe7-dd79c8802846Ходжаева Аманжан 14 апта


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Оқушылардың ата аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы


Орындаған: Ходжаева А.С.
Тобы: Т-521

Семей, 2017жыл
Жоспары:
1. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесіндегі рөлі
2.Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты.
3.Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері

Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.


Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», -делінген. Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ, Білім заңының 49- шы бабында ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер «баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға, өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек алуға құқығы бар» және олар «балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», - деп жазылып, жас ұрпаққа тәрбие, білім беру үдерісінде қатысушы субъект ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл нұсқау оқушылардың білім, тәрбие сапасын арттырудағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қажеттігінен ашып көрсетеді.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр.
Ерте замандағы грек ғалымдары Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит өз еңбектерінде тәрбиенің мақсатын құл иеленуші мемлекеттің саяси міндетімен ұштастыруға тырысты, адамның рухани өмірінің заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға болатын бірқатар ережелерді қалыптастырды. «Баланы кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу керек, жеке адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне, алған біліміне байланысты», - дейді Демокрит. Оның: «Әкенің жағымды ой тастауы – балаға деген дұрыс тәлімгерлік», - деген сөзінен әкенің балаға өз сөзімен, ісімен, сенімімен үлгі бола білуіне үлкен көңіл бөлгенін көреміз. Сол кездегі грек философы Пифагор «Заңды сыйла» ережесінде балаға білім, тәрбие беруді ата-анаға міндеттеген; білім ордаларында отбасы мен мектеп бірлесе баланың білім, тәрбие алуына ортақ мүдделес екенін айтқан; жас ұрпақтың әкені, үлкенді сыйлауына көңіл бөлген; адамдар, туыстар арасында сыйласымдылық қалыптасуын көздеген.
XI ғасырда жазылған Қайқауыстың «Кабуснама» еңбегі де отбасы тәрбиесіндегі ата – ана рөлін аша түседі. Кабуснамадағы «Ей, перзентім, сен осы үгіттерімді ұғып іске асырсаң, мен аталық парызымды өтегенім. Жақсы көрген адамым да, үмітім де өзіңсің. Сондықтан бар асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дұрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың» - деген насихат сөздері бүгінгі күнге дейін тәрбиелік құндылығын жойған жоқ.
«Тадбири манзел» еңбегінде Ибн Сина негізгі бөлімін «мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу», - деп атаған. Өз еңбегінде ғалым отбасындағы білім берудің негізін қалауға тырысты. «Егер отбасы балаға білім беру әдістерін дұрыс пайдалана алса, өз өмірінде бала бақытқа кенеледі», - деген сөзі келер ұрпақтарға өзінің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасымен құнды болып қала бермек.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастықта бала тәрбиелеуі соңғы жылдарда жазылған ғылыми зерттеу еңбектерінде білім беру сапасы отбасы мен мектептің әрекеттестігімен тығыз байласнысты екені зерттеу нысанасына айналған. Мәселен, Г.К.Байделдинованың «Болашақ ұстаздарды отбасы мен мектептің ынтымақтастығын ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-теориялық негізі» Қ.Т.Әтемованың «Оқушыларға гумандық қаситтерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы», А.А.Шарафадиннің «Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары », С.С.Қоңырбаеваның «Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педагогикалық шарттары», Ш.М.Шүйіншинаның «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің педагогикалық шарттары», Д.Ә.Нұрғалиеваның «Тәрбие процесінде 5-9 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру», Ұ.Ә.Есімнің «Қазақ отбасында халықтың педагогикалық құралдары арқылы мектеп жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары», Г.Колесованың «Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісінің отбасы мен педагогикалық ұжымының өзара әсерін ұйымдастыру» атты ғылыми-зерттеу еңбектерінде бұл мәселе түрлі аспектілерде қарастырылған.
Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Ынтымақтастық педагогикасы – тұлғаның дамуында гуманизм пирнциптері мен шығармашылық тұғырға сүйенген тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің өзіндік жүйесін көрсететін XX ғ. екінші жартысындағы отандық педагогикадағы бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет