Хор – шығармаларды көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым
Хор партиялары –хорды құраушы дауыстар: сопранолар (1;2); альттер (1;2); тенорлар (1;2); бастар (1;2) және кей хорларда сирек кездесетін октавистер.
Хордағы дивизия – хордағы партиялардың уақытша екіге бөлінуі.
Ансамбль – тұтас орындаушылықтың өзара байланысқан түрін және стройдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен дыбыс күші жағынан үйлесімділік.