Бірыңғай хорлар – бірыңғай дауыстан тұратын хорларды айтамыз. Олар бірыңғай ерлер және әйелдер хоры.
Аралас хор – көп дауысты ерлер мен әйелдер партияларынан тұратын хор ұжымын айтамыз.
Динамика –көркем шығарманың өзіндік сипаты, құрылысы, көркемдік техникалық өзгешелігі, дыбыс күшінің құбылу жолдарының сипаттамасын айтамыз.
Музыкалық екпін – латын тілінен аударғанда “темп” уақыт деген мағынаны білдіреді.
Резонатор –дыбыстарды қалыптастырып, оның сыртқа шығуына ықпал ететін мүшелер жиынын айтамыз.
Регистр – тембрлік қасиетке байланысты біріккен дыбыстар жиыны.
Сопрано – жоғары әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Альт –төменгі әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Тенор – жоғары ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Бас – төменгі ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Тональдік –берілген шығармадағы негізгі тон, немесе ладтың дыбыс биіктігінің сипаттамасы.