«Хордалылар типі. Бас сүйексіздер тип тармағы. Басхордалылар класы » - Сhordata, Acrania. Cephalochordata.
Сабақтың мақсаты: Ланцетникті мысалға ала отырып, бас сүйексіздердің систематикалық жағдайымен, сыртқы жəне ішкі құрылыстарымен танысу.
Сабақтың мазмұны: Басхордалылар класы өкілдерінің 20-ға жуық түрі белгілі.Бұлар теңізде тіршілік етеді.Соның бірі – ланцетник.Ланцетник-шағын денелі ұзындығы 8 см-ге дейін жететін жəндік.Ол жылы теңіздердің таяздау таза құмды жерлерінде денесінің алдыңғы ұшын сыртқа шығарып, уақытының көпшілігін құмға көміліп тіршілік етеді.Ланцетниктің дене пішіні екі бүйірінен қысыңқы, алдыңғы жəне артқы ұштары сүйірленіп келеді.Арқа жағында тері қатпаршақты-арқа қанаты, құйрық бөлімінде-құйрық қанаты болады.
Денесі шырышты бездерге бай бірқабатты эпителиймен көмкерілген.Эпителиийдің астында дерма (тері) қабаты жатады.
Ішкі қаңқаның қызметін атқаратын-хордасы – ерекше жасушалардан құралған тығыз солқылдақ тірек желісі ретінде бастан бастап құйрығына дейін денесін бойлап созылып жатады.
Мускулатурасы сегменттерге (миомерлерге) бөлінген,сегменттер өзара жіңішке байланыстырғыш ұлпалы жұқа қабатттарға (миосепталарға) бөлінеді (24-II, III-сурет).
Ас қорыту жүйесі. Ланцетниктің ас қорыту түтігінің алдыңғы ұшында 10-20 жұп қармалауыштармен қоршалған аузы орналасқан. Аузы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақтың астында кірпікшелі эпителий жасушаларымен астарланған тереңдеу жер-эндостилі болады.Кірпікшелердің қозғалысы арқылы ланцетниктің қорегі болып табылатын біржасушалы балдырлар мен қарапайымдылар жұтқыншаққа, одан əрі ішекке сумен бірге өтеді. Қысқа ішегі аналь тесігімен аяқталады.Ішектің алдыңғы бөлімінде бауыр өсіндісі болады. (24 -I- сурет).
24-сурет. I. Ланцетниктің ішкі құрлысы.
1-хорда, 2-нерв түтігі, 3-гессе көзшелері, 4-миомер, 5-миосепта, 6-эпидермис,
7-арқа қолқасы, 8-жарық сезгіш көзше, 9-қармалағыштар, 10-парус, 11-желбезектері, 12-жыныс бездері, 13-бауыр өсіндісі, 14-орта ішек, 15-атриопор, 16-аналь тесігі,
17-желбезек айналасындағы (атриальді) қуыс, 18- құйрық қанаты.
Ланцетниктің тыныс алуы қоректенуімен бір мезгілде жүзеге асады. Мұнда тыныс алу мүшелері болып желбезек маңы (атриальді) қуысымен қоршалған көпсанды (100 жұпқа жуық) желбезек саңылаулары. Ауыз тесігінен кірген су жұтқыншақтың желбезек саңылаулары арқылы өтіп, жұтқыншақ маңы қуысына келеді жəне осы жерден су ланцетник денесінің құрсақ жағында орналасқан тесігі (атриопор) арқылы ағзадан сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |