Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia

 
(Аударған Құлмат Өміралиев) 
 
 
ИСЛАМ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ 
(Х-ХІІ ҒҒ.)
ӘБУНӘСІР ӘЛ-ФАРАБИ 
Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші 
ұстазымыз деп таныған Әбунәсір әл-Фараби қазақ жерінде, 
Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол 
кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа 
кетіп, Сирияда, Шам шаһарында қайтыс болған (Дамаск). Өз ана 
тілі – түркі тілінен басқа араб, парсы, көне грек тілдерін жетік 
біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған. 


102 
Философия, жаратылыстану, математика, музыка саласында 
әлем таныған құнды еңбектері бар. Поэзияның табиғатын 
талдайтын трактат жазып, өлең де шығарған. Әл-Фарабидің 
көне грек философтары мен математиктерінің еңбегіне зер 
салып, оларды араб оқушысына түсіндіруге тырысуы, грек 
ойшылдарының философиялық пікірлерін жаңаша дамытуы
энциклопедиялық білімін жан-жақты жұмсауы Әл-Фарабидің 
Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің ғылым саласындағы қайнар 
бастауында тұрған тұлға екенін көрсетеді. «Қайырлы қала 
тұрғындарының 
көзқарасы», 
«Дүниедегі 
қозғалыстардың 
тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және 
шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы 
трактаты», «Логика» т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік 
орны бар дүниелер. Әл-Фарабидің трактат, өлеңдері арабшадан 
аударылып басылған кітаптан алынып отыр (Әбунәсір әл-
Фараби «Трактат және өлеңдер» / Аударған А.Нысаналин. – А.: 
Жазушы, 1974). 
ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
62
ТУРАЛЫ ТРАКТАТ 
Рақматы күшті раббымның атынан бұл зерттеудегі 
біздің мақсатымыз – тынық ой маржанын сүзіп, онымен 
танысқандарға философтың поэзия туралы айтқандарын 
түсінуге қол ұшын беру еді. Алайда біз аталмыш өнерге 
байланысты белгілі жайларды шиырлап, тәптіштеп 
жатпаймыз. Өйткені философтың өзі де софистика өнері, 
әсіресе поэзия өнері хақындағы тұжырымдарын аяқтаған 
жоқ. Бұның бір ғана себебі бар, оның өзі софистика өнері 
туралы 
толғамдарының 
соңында 
айтқандай, 
өзінен 
бұрынғылардан негізге алып, қағидаға айналдырып 
жүйемен әсіре бағалайтын еш нәрсе таппаған. Сондықтан 
62
Араб тілінде жазылғандықтан шығарманың транскрипциясы 
келтірілмеген (Құр.)


103 
да сонша таудай талантымен дарқан дарынды бола тұрып 
философтың өзі де ширатып, пісірмеген нәрсені тамамдау 
талабы ақталар ма, сірә: Біз тек қана осы өнерді 
зерттегенде септігі тиер-ау деген қағида, сана салиқалығын 
танытатын сөздерді атап өтудің дәл қазір мүмкіндігі туды 
деп есептейміз.
Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы яки мағынасыз 
болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым, 
басқаларға күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы 
да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін; әуелгісінің кейбірі 
көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен 
сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да 
болады. Жалған айтылғанның ішіндегі қайсыбірі сөз 
барысында тыңдаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен 
тікелей 
тұспалданса, 
басқалары 
бейнеленетін 
затқа 
байланысты ойда еліктеу туғызады. Соңғысы – жай 
поэтикалық куаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, 
кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып 
зерттеу – ақындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, 
көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі 
шығармалар жазылған. 
Бұдан әрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін 
төркіндес 
санамауы 
тиіс. 
Керісінше, 
олар 
кейбір 
арақатыста ерекшеленеді. Ең алдымен олардың мүддесі әр 
түрлі: софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған 
қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан ол бар нәрсе 
жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы 
еліктеуіш тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге 
жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді. 
Мамыржай күйдегі адам кейде қиялға шомып, 
мәселен, серуендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған 
тынығушыларға қарағанда немесе жерде тұрып, көктемгі 
бұлттардың жөңкіген көшін қарабарқын аспандағы ай мен 
жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді. Сезімді 


104 
сиқырлайтын болмыс сондай. Егер адам айнаға яки соған 
ұқсас жалтыр затқа қараса, онда жағдай оны затқа ұқсас 
нәрсені көріп тұрғандай топшылауға мәжбүр етеді. 
Тұжырымды да басқаша, келесідегідей бөлген 
ғанибет. Ол да құптарлықтай, яғни оған керісінше болуы 
мүмкін. Егер пайымдау діттеген жерден шығысып жатса 
үйлесімді, не оған кері болады. Егер ол үйлесімді болса, 
онда болмыстағыдай қисынды болмақ. Егер қисынды 
болса ол не қорытынды, не еліктеу. Еліктеу дағдыдағыдай 
поэзия өнерінде қолданылады. Сондықтан поэтикалық 
пайымдау дегеніміз – еліктеудің өзі. 
Үйлестікті де, басқа да пайымдау тәрізді өз бетінше 
бөлуге болады. Пайымдау не толық шынайы, не толық 
жалған, не шынайылау, бірақ ішінара жалған, не керісінше 
шынайы мен жалған барабар келеді. Егер көбісі шынайы 
болса, пайымдау басым да, шынайылық пен жалғандық 
тепе-тең болса даулы болады, көбісі жалған болса
көпірме, толық жалған поэтикалық софистика болып 
шығады. Бұл талдау поэтикалық пайымдау не басым, не 
дәлелдемелі, не көпірме желбуаз, не софистикалық 
болмайтынын көрсетеді. Сөйтсе де ол силлогизмнің немесе 
постсиллогизмнің 
түрі 
деп 
есептелінеді. 
(«Пост-
силлогизм» дегенде мен түйінділік, бейнелілік, түйсік т.б. 
секілді әсер күші бар нәрсені айтамын. – Әбунәсір әл-
Фарабидің өз түсініктемесі). Біздің жазбамыздың осы 
жеріне жеткенде, ақындық түйіндеудің әр қилы түрін 
белгілеу ләзім. Ақындық түйіндеуді өлшеміне яки 
мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау 
әуенділікке немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне 
байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де 
қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау, шама-
шарқынша тап басып болжау, поэзияны талдаушының,
поэтикалық мәнді зерттеушінің, әр түрлі халық поэзиясы 
мен оның әрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді. 


105 
Ондай араб пен парсы поэзиясын бүге-шігесіне дейін 
білетін білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. 
Кітап та жазып жүр. Олар поэзияны сатира, поэтика, 
айтыс, комедия, газель, жұмбақ және басқаларға бөледі. 
Сөйтіп, өз кітаптарында әртүрлі топты келтіреді; оған көз 
жеткізу онша қиын емес, демек, біз мүлдем кең көсіліп, 
негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз. Мысал келтіреміз. 
Басқа білетін қазіргі және ежелгі халықтардың 
көптеген ақыны фабула мен өлшем арасын шектемейді, 
сонымен қатар ақындық тақырыпқа ерекше өлшем 
қоймайды. Бұдан тек көне гректер ғана тыс тұр. Олар әрбір 
ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда 
пэонның өлшемі сатира өлшемінен, ал комедия өлшемінен 
тіптен өзгеше. Соған қарамастан басқа халықтар мен 
тайпалар пэон үшін де сатираға т.б. қолданатын өлшем 
түрін қолданады; сөйтіп, өлшемнің көпшілігі жалпы болып 
есептеледі және олар әрбір, топты ежелгі гректер сияқты 
мұқият топқа бөлмейді.
Енді біз грек поэзиясының түрлеріне тоқталамыз. 
Философтың 
поэзия 
өнеріне 
байланысты 
тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен 
келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, 
төмендегі топқа бөлінеді: 
1. Трагедия 
8. Сатира 
2. Дифирамбы
9. Поэма 
3. Комедия
10. Эпос 
4. Ямб 
11. Риторика 
5. Драма
12. Амфигеноссос
6. Эпос
(космогония) 
7. Диаграмма
13. Акустика


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет