«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі: С. М. Дуйсенова Мұғалімнің аты-жөні



Дата03.01.2022
өлшемі69,77 Kb.
#108387
Байланысты:
17.03.21ж


«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: С.М.Дуйсенова


Мұғалімнің аты-жөні:

Искакова Г.С.

Күні:

Пәні:

17.03.2021 жыл

Абайтану


Сынып:

3 «Ә» Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу,оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке,өнер-білімді меңгеруге тәрбиелеу. 

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңдері

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал.

Талаптанып, қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып, тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.


Жаңа сабаққа назар аудару.


Жарайсың

дар!



Психология

лық ахуал.



Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кері байланыс





Жаңа сабақ

«Кім жылдам?» ойыны

1.Абай кім?

2.Қашан,қай жерде дүниеге келген? 3.Абайдың шын есімі кім?

4.Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

5.Қандай әндерін білесіңдер?

6.Қанша қара сөзі бар?

7.Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар?

Ойтолғау

1.Жаңа тақырып өтпес бұрын

«Әсем» және «әсемпаз» сөздерінің мағынасын ашып түсіндіріңдер.

2.Мына сөз тіркестерінің мағына

сын түсіндір.



Әсем қала.Әсем табиғат.Әсем мінез.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен танысамыз.Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге баулиды.Адам баласы

на қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты-мұз болып қайда барарын білмейді.Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық  болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады. 

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі



Өлеңді мәнерлеп оқу.

Әсемпаз болма әрнеге,


Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар,


Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз,


Біте қалса қазаққа.
Алдың - жалын, артың - мұз,
Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,


Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,


Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.

Акырын жүріп, анық бас,


Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау. 

1. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң - арқалан,- дегенді қалай түсінесіңдер?



2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

3. «Алдың - жалын, артың - мұз»,- деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

4. «Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру», - сөздерінің мағынасын ашыңдар.

5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

Дәптермен жұмыс.

«Пайда, мақтан, бәйге,жасыру» сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу. 

Сөздікпен жұмыс.

Шапағат - мейірім, жәрдем, көмек.

Ез - мезі етуші, мыжыма.

Жеке жұмыс

«Егер мен Абай болсам»....

Адамға өмірде керек қасиеттерді теріп жазу.



Сұрақ - жауап:

1.Адамға білім қалай келеді?

2.Білімді қандай адам іздейді?

3.Талапты бала деп кімді айтады?

4.Бұл сөзді қай уақытта кімнен естідің?

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды?

-Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз?

-Сіз үшін не жаңалық болды?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай?

-Неліктен?
Үй тапсырмасы:

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттау.



Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Өз ойларын айтады.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Оқушылар пікірлерін айтады.


Тапсырманы орындайды.


Сөздік жұмыспен танысады.

Тапсырманы орындайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.




Керемет!


Тамаша!
Жарайсың

дар!

Керемет!

Тамаша!


Жарайсың

дар!
Керемет!

Тамаша!

Жарайсың


дар!

Керемет!



Алдыңғы білімді еске түсіру тап

сырмалары.

Өлең жол

дары


Дәптер
Сөздік жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет