Амалсыз және зорлаумен пайда болған гиподинамия. Амалсыздан (еркіндіксіз) гиподинамия бір қатар аурулармен сипатталанады – сал, естен тану, кататония (психикалық бұзылыс, алдымен қызбалану сонан кейін сіресіп, мелшиіп қалу - ступор), бірден бұлшық еттердің әлсіреуі, нерв-бұлшық еттің өткізгіштігі, сүйек туберкулезы т.б.
Жергілікті гиподинамия – локальды – бір топ бұлшық еттердің амалсыз қимылы төмен болса пайда болатын түрі. Гипс белдемесін қолданғанда, нерв жолдары зақымданғанда т.б. Атрофия мен алмасу процестерінің белгілері пайда болады.
Гиподинамия синдромы - әртүрлі гиподинамиясы кезіндегі түрлі ағзалармен жүйелердегі өзгерістердің белгісі. Гиподинамияға қандай фактор себепші болмасын теріс эмоциялардың әсері бұл жағдайда өте маңызды, психикалық стресс деп атайды. Гиподинамия кезіндегі болатын әртүрлі ауытқұлар организмнің басқа қолайсыз жағдайларға, факторларға тұрақтылығы, төзімділігі төмендейді. Жалпы гиподинамияның организмге әсері өте қауыпты.
Иондағыш сәлеленудің жалпы қасиеті сәулеленген ортаға өтіп оны иондайды. Бұған жататын рентген сәулесі мен Y- сәулесі т.б. Иондағыш сәулелер сыртқы ортада немесе ішкі ортада болады. Ішкісіндегісі өте қауыпты деп есептелінеді. Иондағыш сәулесінен белоктар, липидтер, ферменттер, нуклеин қышқылдары замқымданады. Егерде ДНК-ға әсері тисе онда тектік коды бұзылуы мүмкін.
Иондағыш сәулесінен клетканың ішінде биологиялық процестерінің ағуы бұзылысқа ұшырайды. Хромосомалық және гендық мутациялар орын алып клетканың тектік қасиеттерін бұзады. ДНК-ң түзілуі, спецификалық белоктардың қасиеттері, клетканың болінуі біртіндеп бұзылыстарға ұшырайды. Клетка ішіндегі мембраналардың - ядро, митохондриялар, лизосомалардың жалпы биологиялық қасиеті мен функциялары бұзылады.
Организмнің функцияларыныңң бұзылуы – симптомокомплекс деп атайды. Ең біріншіден қан түзілу мен қан жүйесі зардап шегеді. Барлық формалық элементтердің саны азаяды, функционалдық құнсыздық орын алады. Сәулеленудің әсерінен бірінші сағаттарда лимфопения, кейінрек – гранулоциттердің, тромбоциттердің, эритроциттердің жетіспеушілігі байқалады.
Иммундық реактивтіліктің төмендеуі. Фагоцитоздың төмендеуі, антиденелердің түзілуі тежеледі. Ауру адам пневмониядан қайтыс болады. Сәледен зардап шеккен адамдардың белгісі геморрагиялық синдромы. Қан тамырлардың өткізгіштігі өзгеріп көптеген заттарды сыртқа, ұлпаға, шығаруға қабілеті жоғарлайды. Эндокринды жүйесі алдымен активтілігін жоғарлатып кейіннен функциялары тежеліп басылады.
Сәулеленуден зақымданудың негізінде ферменттермен биологиялық активті заттардың қызметінің бұзылуы, жалпы клеткаларға қатты әсер ететінінен болатын жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |