Html тілінің негіздері



Дата14.02.2020
өлшемі48,5 Kb.
#58080
Байланысты:
Гиперматин2

HTML тілінің негіздері

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web - парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендірі, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолдынылады.

Сонымен мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

HTML тәгтері (командалары)

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тәг “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен” (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тәг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріпті де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.


Тәг атрибуттары


Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Көбінесе атрибуттар оның мәтін жазуды талап етеді. Атрибу мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (═) арқылы бөлініп жазылады. Атрибу мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ қостырнақшаны жазбасаа да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

< HTML>

жалпы тақырып

терезе тақырыбы





1 – деңгейдегі бас тақырып мәтіні



2-деңгейдегі ішкі тақырып мәтіні


мына жолдар екі-үші қатарға

бөлініп жазылғанымен

олар бір жолға бірге жазылады


Жабу тәгін жазбаса да болады


Абзац басы тәгі тек жаңа жолға

көшіріп қана қоймай, жол арасына орын қалдырып отырады.




Горизонталь сызықтан кейінгі мәтін
екі жолға бөлініп жазылған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет