Hum1341 Әлеуметтік-саяси білім модулі (МӘдениеттану, психология) ПӘні бойынша дәріс кешені


Қазақ мәдениетінде идея – жанның мәңгілігі



бет51/61
Дата22.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#193010
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
Байланысты:
Дәрістер жинағы (копия)

Қазақ мәдениетінде идея – жанның мәңгілігі.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамныңдүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір махмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі – Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. “Жан, – дейді Шәкәрім, – менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді.”(Үш анық. – Әлем, 39-бет). Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса.
Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моральдың төңірігінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің “ар ілімі” деп аатауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі- ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: “Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұжлан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігібар. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы.” (Үш анық. – Әлем, 44-45-бет.)
Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі “каллокагатия”, И.Канттың “кесімді императив” ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім.
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл – 1 адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті. Кеңес өкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін “Демократтар” санаған Уақытша өкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә.Бөкейханов революция жасала “Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары – қазақтарға” деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруды “Алаш” партиясының ролі ерекше болды.
Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселелерінің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және комунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.И.Ленин болсы, Ф.Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің аты шулы “Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!” ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады.
1971 жылғы маусым айындағы басылымында “Қазақ” газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияны қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назар аударды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша “Алаш” париясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарлманың кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:

  • Россия демократиялық Федеративтік Республика болу керек, оның құрамындағы әрбәр мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.

  • Қазақтар тұратын аймақтарды құралған автономия Россия Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады…

  • Россия Респулбликасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымда еріктілігі болады.

  • Дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең праволы… қазақтардың өзіндік муфтийлігі болу керек…

  • Билік сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті…

  • Білім алуы – барлығының отақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу – тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғарғы оқу орныдары, университеттері болу керек.

Бұл бағдарлама 5-12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде “Алаш” қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға “контрреволюцияшыл – ұлтшылдар” деп жала жапқан.
Алайда большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. ХХ ғасырдың ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. ХХ ғасырдағы екі социалистік эксперимент (фашистік, ұлттық-социализм және комунизм) 100 миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика Ресей империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді.
Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей большевиктік тәжірибелерді атап өтейік:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет