Абылай мен Бөгембай батырдың жасағы қарсы шықты. Қазақ ауылдарының
орыс шекаралық шептеріне көшіп кетуіне мүмкіндік беріп, қазақ жасақтары
Цинь әскеріне бірнеше соққы жасап, олардың далалық өңірге ішкерілей енуін
тоқтатты. Қазақ жасақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, белгісіз бағытта
көрінбей кету арқылы екі қытай әскерінің бірігуіне кедергі келтірді. Саны
азайған екі әскер үлкен талпыныстың нәтижесінде Есіл өзенінің жоғарғы
ағысында бірікті, бірақ бұл қыс кезінде жүзеге асқан еді. Қытайлықтар
жылқысыз, азық-түліксіз, жан-жағынан қазақ жасақтарымен қоршалған адам
тұрмайтын далада қалды. Сондықтан қытай императорының Қазақстандағы
өзінің қалған әскерінен айырылып қалмау үшін оларды кері қайтарудан басқа
амалы қалмады. Қытайлықтар кері шегінді. 1757 ж. басында Жоңғария жаңа
күшпен қайта жанданып, Цинь әулетіне қарсы көтеріліс бастады.
Қытайлықтар жаңа күш жинап, 1757 ж. көктемінде Әмірсананың көтерілісін
түпкілікті жаншыды және жаз мезгілінде Тарбағатайдың солтүстік
сілемдеріндегі қазақ жерлеріне екінші рет басып кірді. Осы жерде қытай
әскері мен Абылай жасақтарының арасындағы соңғы шайқас өтті.
Жоңғарлардың көмегінен айырылған Абылай қытайлықтармен қарым-
қатынасын шиеленістірмей, бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізу үшін
Пекинге елшілігін аттандырды. Осымен бір мезгілде Қытай императоры
Абылай сұлтанға өзінің елшілігін жіберді. 1758-1759 жж. жоңғарларды
жазалау кезінде қытай жасақтары қазақ жерлеріне бірнеше рет басып кірген
болатын, бірақ император қазақ жерлерінен үміттенбеді. Сондай-ақ ол
Абылайдың хандық титулын алдын-ала мойындап, орыстарға қарсы өзінің
көмегін бірнеше рет ұсынды. Бұл жағдайлар Абылайдан ойланып жасалатын
сыртқы саясат ұстануын және Қытай мен Ресей арасында әрекет етуін талап
етті. Абылай екіжақты саясат ұстана білді. Ресми түрде Ресей империясының
боданы бола отырып, орыс отарлаушыларының билеушілеріне қарсы қытай
императорынан қолдау табу мақсатында Абылай Пекинге бірнеше рет
елшіліктер жіберді
19
.
Достарыңызбен бөлісу: