Хviii ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық және ішкі саяси жағдай


Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстануы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата18.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#139801
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18 - 19 гасырдағы казак хандығы

Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстануы. 
Жоңғарияда манчжур-
қытай билігінің орнауымен Қазақстанның шығысындағы жер мәселесі 
шиеленісе түсті. Қытайлықтар жоңғарлардан босатылған жерлерге қазақ 
көшпелілерін кіргізбеу үшін Іле өзені даласында және Тарбағатайда әскери 
бекіністер сала бастады. 1761 ж. қытай императоры қазақтардың Аягөз 
өзенінен оңтүстікке қарай көшуіне тыйым салғандығы туралы жарлық 
шығарды. Бірақ та бұл тыйыммен ешкім санаспады, қазақтар Тарбағатайдағы 
жайылымдарды иелене берді. 1762-1765 жж. Қытай әскерлері қазақтарды 
Жоңғария жерлерінен қуып шығуға байланысты бірнеше жазалау 
операцияларын жүргізді, бірақ бұл операциялар сәтті болмады, себебі 
қыстың басталуы мен қытайлықтардың кетуіне байланысты қазақтар осы 
территорияларға қайта оралды. Сонымен қатар 60-шы жылдардың екінші 
жартысында қазақтардың Жоңғарияға келуі күшейгендіктен, Цинь үкіметі 
19
Абылай хан. Тарихи жырлар. Т.4. Алматы, 1993. 


1767 ж. Тарбағатай мен Іле өзені бойындағы жайылымдарды пайдалануға 
рұқсат беруге мәжбүр болды. Қарымтасына, қытайлықтар жалға берілген 
жерлердің ақысын және қытай бодандығын қабылдауын талап етті. 
Нәтижесінде, ХVІІІ ғ. соңына қарай Орта және Ұлы жүз қазақтарының бір 
бөлігі Қытай бодандығын қабылдап, Тарбағатайдың, Іле өзені даласы мен 
Моңғол Алтайының бай жайылымдарын иеленді. Бұл территориялар 
Қытайдың «Жаңа провинциясының» - Синьцзяннің құрамына кірді. 
Осылайша, Абылай сұлтанның салмақталған және ойластырылған 
саясатының арқасында қазақ жасақтары Ресейден көмек алмай-ақ қытай 
агрессиясын өз күштерімен тоқтата алды, сондай-ақ ХVІІІ ғ. соңында 
қазақтар Синьцзяннің бай жайылымдарын иеленді, оның нәтижесінде 
Қазақстандағы жер дауы біршама әлсіреді. Дегенмен бұл түптің түбінде қазақ 
этносының Ресей мен Қытайдың арасында бөлінуіне алып келді.
 
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ: 
1.
Орынбор казак шебінің құрылуы 
2.
Қазақтардың қалмақтармен қатынасының шиеленісуі 
3.
Жоңғар хандығының әлсіреуі және қазақтардың Шығыс Түркістанға 
қоныстануы 
СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Қазақстанды отарлаудағы Орынбор казак линиясының рөлі 

Абылай ханның Циндік Қытаймен жүргізген саясаты 

ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның геосаяси жағдайы 
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Архивные материалы о русско-джунгарских и китайских отношениях Ч. 
Ч. Валиханова: Собр. соч. Алма-Ата, 1985. Т. 4. 
2.
Казахско-русские отношения в ХV-ХVIII вв.: Сб. док.и мат. Алма-Ата, 
1961. 
3.
Материалы по истории политического строя Казахстана. Т. 1. Алма-
Ата, 1960. 
4.
Китайские документы и материалы по истории Восточного Туркестана, 
Средней Азии и Казахстана ХIV-XIX вв. Алматы, 1994. 
5.
Аполлова Н. Г. Экономические и политические связи Казахстана с 
Россией в XVIII – нач. XIX вв. М. 1960. 
6.
Абдиров М. Ж. История казачества Казахстана. Алматы, 1994. 
7.
Басин В. Я. Россия и Казахские ханства в ХVI – ХVIII вв. Алма-Ата, 
1971. 
8.
Венюков М. И. Поступательное движение в Среднюю Азию. – СПб., 
1878. 
9.
Дулатова Д. И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-
1917 гг.). Алма-Ата, 1984. 
10.
Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: Полководец, правитель и политик. 
Алматы, 1999. 


11.
Зиманов С. З. Политический строй Казахстана конца XVII в. и первой 
половины XIX в. Алма-Ата, 1960. 
12.
Касымбаев Ж. К Государственные деятели казахских ханств в XVIII 
веке. Алматы, 1999. 
13.
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи: XVII-XVIII вв. Алматы, 
1991. 
14.
Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и 
степей. (СПб., 1832) Алматы, 1996. 
15.
Сулейменов В. С., Басин В. Я. Казахстан в составе России в XVII – нач. 
XIX вв. Алматы, 1993. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет